Оқиғалар мен анонстар

Жазушы-журнаоист Cағымбай Қозыбаевтың 75 жылдығына арналған конференция өтеді

31.10.2019

2019 жылы 1 қараша сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Т. Қожакеев атындағы акт залында қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы-журналист Қозыбаев Сағымбай Қабашұлының 75 жасқа толған мерейтойына орай «Бұқаралық коммуникацияның отандық жүйесі: үндеулер, үрдістер, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ары қарай оқу >>

Физика пәні бойынша олимпиада өтеді

29.10.2019

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22-қараша күні сағат 10.00 жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбеков атындағы жылсайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада және шахматтан турнир өткізіледі.

Ары қарай оқу >>

«Egemen Qazaqstan»

25.10.2019

25 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен журналистика факультетінің құрылғанына 85 жыл толуына орай «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің 100 жылдығына арналған «Egemen Qazaqstan» – Қазақ елінің жүз жылдық жылнамасы» атты алқасөз өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Әбіш Кекілбаев – заманының заңғар тұлғасы»

23.10.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2019 жылдың 26 қазанында өтетін Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығына арналған «Әбіш Кекілбаев – замананың заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

Ары қарай оқу >>

Байқау!

22.10.2019

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны келесі бос жұмыс орнына байқау жарияланғанын хабарлайды:

Ары қарай оқу >>

Баспасөз аңдатпасы

17.10.2019

2019 жылдың 18 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жылдығына арналған шығармашылық кездесу өтеді.

Ары қарай оқу >>

Түркі әлемінің деректі фильмдері IV Халықаралық фестивалі

15.10.2019

2019 жыл 17-18 қазан күндері Алматыда Түркі әлемі деректі фильмдері IV Халықаралық фестивалінің қазақстандық бағдарламасы өтеді. Іс-шараны Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қолдауымен Түркі әлемі журналистері Федерациясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Құрметті әріптестер, магистранттар мен студенттер!

14.10.2019

Сіздерді, 2019 жылдың 18 қазанында, сағат 15:00-де әл-Фараби кітапханасында өтетін, атақты үнді ғалымы, Алигар Мұсылман университетінің профессоры, «Мираза Мухаммад Хайдар Дуглат. Парсы деректері бойынша» атты кітабының авторы - Мансура Хайдармен кездесуге шақырамыз.

Ары қарай оқу >>

Туризм саласын дамытудың қазіргі заманғы мәселелері

11.10.2019

Құрметті әріптестер!

2019 жылы 29-30 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы, Қазақстан Республикасы) география және табиғатты пайдалану факультетінде өтетін "Туризм саласын дамытудың қазіргі заманғы мәселелері" атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Ары қарай оқу >>