Физика пәні бойынша олимпиада өтеді

29.10.2019

Көрулер: 2521

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 22-қараша күні сағат 10.00 жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбеков атындағы жылсайынғы физика пәні бойынша Республикалық олимпиада және шахматтан турнир өткізіледі.

Олимпиадаға ЖОО-ның 1 ші курс студенттері мен 11 сынып мектеп оқушылары қатыса алады.

Олимпиада 2019.doc