Түркі әлемінің деректі фильмдері IV Халықаралық фестивалі

15.10.2019

Көрулер: 1812

2019 жыл 17-18 қазан күндері Алматыда Түркі әлемі деректі фильмдері IV Халықаралық фестивалінің қазақстандық бағдарламасы өтеді. Іс-шараны Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының қолдауымен Түркі әлемі журналистері Федерациясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырды.

Ашылуы қазан айының басында Ыстамбұлда (Түркия) орын алған кинофестиваль биыл тоғыз қатысушы елдің жетекші серіктес-университеттерінде өтеді. Кинофестивальдің түркі елдері үшін қоғамдық және мәдени маңызы аса зор. Оған Түркия, Қазақстан, Түркіменстан, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Венгрия, Македония, Кипр елдерінің үздік жұмыстары қатысады. Фильмдер әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маңызды тақырыптарды, жастарды тәрбиесін қамтиды.

Шараға Түркі әлемі журналистер федерациясының президенті Мендерес Демир және басқа да шетелдік құрметті қонақтар, сондай-ақ киноқұжатшылар мен фильмдердің авторлары, қоғам мен масс-медиа өкілдері, ЖОО студенттері қатысады. Кинофестивальдің ашылуында кинематографтың аңызына айналған, түркі әлемінің танымал актері мен режиссері Асанәлі Әшімовке арнайы марапат тапсыру рәсімі өтеді.

Кинофестивальге қатысуға шақырамыз және ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

 

Өтетін күні, орны және уақыты: 17 қазан, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

● Сағат 11.00 - кинофестивальдің ашылуы (Ғылыми кітапхана, 4 қабат);

● 14.00-16.30 – «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының кинотеатрында деректі фильмдер көрсетілімі өтеді.

Баспасөз қызметі

8 (727) 377 31 48