«Әбіш Кекілбаев – заманының заңғар тұлғасы»

23.10.2019

Көрулер: 2413

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы 2019 жылдың 26 қазанында өтетін Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығына арналған «Әбіш Кекілбаев – замананың заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға шақырады.

 

Конференция мақсаты: Қазақстанның халық жазушы Әбіш Кекілбаевтің мұрасын қазіргі тарихи-мәдени және әдеби үдерісінің контекстінде терең таныту, Ә. Кекілбаевтің мемлекет және қоғам қызметінің Қазақстан дамуындағы тарихи мәнін айқындау. 

 

Конференция қонақтары:

Сағынтаев Бақытжан Абдирұлы – Алматы қаласының әкімі

Жұмабаева Клара Калекенқызы – Әбіш Кекілбаевтің жұбайы 

Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы – “«Егемен Қазақстан» республикалық газеті” Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы

Елгезек Ақберен Елгезекұлы – Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын

Исабеков Дулат Исабекұлыжазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері 

 

Конференция шеңберінде келесі мәселелер қарастырылады:

1. Ә. Кекілбаев – аса көрнекті, қоғам және мемлекет кайраткері;

2. Ә.Кекілбаев шығармашылығы және әлемдік әдеби үдеріс;

3. Қазіргі гуманитарлық ғылымның даму тенденциялары.

 

Конференция аясында филология және әлем тілдері факультетінің 316-аудиторияда Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісханың ашылуы болады.

 

Конференциян өткізу орны: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университеті, ректорат, 15-қабат, мәжіліс залы.

Конференцияның басталуы: 11.00.

 

Барлық мәселе бойынша мына номерге хабарласыңыздар:

Тел.: +7 (727) 3773337 (1328, 1330), немесе мына e-mail: kazlit19@gmail.com

 А.Кекилбаев.pdf