Жазушы-журнаоист Cағымбай Қозыбаевтың 75 жылдығына арналған конференция өтеді

31.10.2019

Көрулер: 2376

2019 жылы 1 қараша сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің Т. Қожакеев атындағы акт залында қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы-журналист Қозыбаев Сағымбай Қабашұлының 75 жасқа толған мерейтойына орай «Бұқаралық коммуникацияның отандық жүйесі: үндеулер, үрдістер, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар, жазушылар мен журналистер қатысады.

Қосымша ақпарат:

Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы (16.07.1944, Қостанай облысы) - көрнекті қазақстандық публицист, әлемдік журналистика тарихы мен ұлттық БАҚ-ты алғаш зерттегендердің бірі . Ол 1970 жылы мемлекеттік Ленинград университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Редактор, аға редактор. Қазақстан мемлекеттік телерадиосы Бас редакторының орынбасары, Қазақстандағы Бүкілодақтық радионың меншікті тілшісі ретінде қызметтер атқарған. 1974 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін – аға оқытушы, доцент (1979), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры (1989). Журналистика факультеті деканының орынбасары 1976-1978ж.ж., факультет деканы ретінде 1985-1993 жылдары қызмет атқарды. 1981 жылдан 2011 жылға дейін алғашқы мерзімді басылымдар және БАҚ кафедрасының негізін салушы (1985), халықаралық журналистика (1993), баспасөз тарихы кафедраларының меңгерушісі болып тағайындалды.Сонымен қатар Германияда (1987), АҚШ-та (1993), Сингапурда (2008) тақырыптық дәрістер оқыды. 1993 жылы АҚШ-тың 9 штатында шақырылған профессор ретінде өз білімін сынға салды. Бірқатар университеттердің құрметті профессоры, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының құрметті меңгерушісі, Қостанай облысы Меңдіқара ауданының құрметті азаматы.

ҚР саяси ғылымдары Академиясының академигі (1997), Еуразия Халықаралық экономикалық Академиясының академигі және вице-президенті (2004), Қазақстандағы журналистика академиясының президенті (2001 жылдан бастап) IATR радио және телевидение Халықаралық Академиясының академигі (Мәскеу, 2008). Ол басқаратын Қазақстан журналистика академиясы 1995 жылдан бастап жалпыұлттық «Алтын Жұлдыз», «Алтын Самрұқ» журналистік жүлделерімен марапаттау мәртебесіне ие болып келеді.

1994 жылдан бастап саясаттану бағыты бойынша арнайы докторлық (кандидаттық) қорғайтын кеңестің ғалым хатшысы және мүшесі, журналистика бағыты бойынша кандидаттық диссертация қорғайтын кеңес төрағасы орынбасарының міндеттерін атқарды. Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі, Мәдениет және ақпарат министрлігінің тендерлік комиссия мүшесі ретінде еңбек етті. Профессор С.Қозыбаевтың жетекшілігімен 9 докторлық, 30 кандидаттық жұмыс қорғалды. Сағымбай Қозыбаев – тарих ғылымдарының докторы, Мәскеу қаласында журналистиканың баспасөз тарихы, телевизия және радио салалары бойынша докторлық дисстертация қорғаған ТМД-ның алғашқы ғалымы (1988).

С.Қ.Қозыбаев – мыңнан аса публицистикалық очерк пен ғылыми мақаланың, 54 кітаптың авторы. Қазақстан журналистер Одағының алты реттік лауреаты атында ( 1980,1984,1989,2001,2004,2007). ҚР Құрмет грамотасымен (2005), ҚР Президенті Н. Назарбаевтың арнайы Алғыс хатымен (2005) марапатталды. ҚР «Ғылым қайраткері» (2001), ҚР «Мәдениет қайраткері» (2006), «Алтын Адам» Б.Бұлқышев, А.Ахметалиев, Г.Толмачев атындағы сыйлықтардың жүлдегері, «Әл-Фараби» күміс төсбелгісімен, БАҚ саласындағы ҚР Президентінің сыйақы жүлдегері (2011), ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушысы», (2007). Халықаралық Еуразиялық шығармашылық одағының алтын лауреаты атынды, (2019).

Журналистиканың теориялық негізі салалары бойынша алғашқы конференциялардың ұйымдастырушысы ретінде танылды. (1988, 1990, 1992). «Слово, ковавшее Победу» (1979), «Радио в дни войны» (Москва,1981), «Төртінші майдан» (1988), «Аудитория – весь Казахстан» (1984), «Ядовитые стрелы»(1985). «Оборотни» (Москва, 1987), «Очерки истории журналистики Казахстана» (1988), «Өмір айнасы» (1990), «История мировой журналистики» (1997,1998). «Время – газетной стракой» (1988), «Лики времени» (2002), «Опаленная войной. Казахская фронтовая печать» (2010), «Фронтовая печать Казахстана» (2010) кітаптарының авторы. Қазақстандық саясаттану энциклопедиясы авторларының бірі (1998). «Отандық журналистика тарихынан» - «Из истории отечественной журналистики» ғылыми журналдарының алғашқы сандарын шығарушы, әрі Бас редакторы болды. «Моя Ленсмена» (2001), «Справочник журналиста Казахстана» (2002), «Свет Звезды. Элита отечественной журналистики» (2006), «Журналистика Казахстана. Энциклопедия» (2006). «Масс-медиа. Энциклопедический словарь» (2007), «Справочник молодого журналиста» (Москва, 2010) және т.б. жобалық еңбектердің авторы.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, тел.: +77272211351, моб.: +77072620048

www.kaznu.kz

 

ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

 

11:30-12:00 – Қатысушыларды тіркеу

Модератор: Бауыржан Жакып, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорының кеңесшісі.

12:00-12:10 – Профессор Қозыбаев Сағымбай Қабашұлының 75 жасқа толған мерейтойына арналған «Бұқаралық коммуникацияның отандық жүйесі: үндеулер, үрдістер, мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуы

12:10-12:15 – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттау.

12:15-12:30 – «Журналистика мэтрі» фильмінің таныстырылымы

12:30-12:35 – Мұрат Ауэзов, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Журналистика академиясының академигі.

12:35-12:40 – Сейтқазы Матаев, ҚР Журналистер Одағы Басқармасының төрағасы.

12:40-12:45 – Ұлықбек Есдәулет, ҚР Жазушылар Одағы Басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.

12:45-12:50 – Валерий Жандаулетов, ҚР Президенті әкімшілігінің аналитикалық қызметінің жетекшісі, ҚР Журналистика академиясының академигі.

12:50-12:55 – Арманжан Байтасов, ҚР Медиа Альянсының Басқарма төрағасы, ҚР Журналистика академиясының академигі.

12:55-13:00 – Краснер Александр Владимирович, «Новая газета Казахстан» газетінің Бас редакторы. Алғы сөз.

13:00-13:05 – Қайрат Сақ Өмірбайұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің журналистика және саясаттану факультетінің деканы, ҚР Журналистика академиясының академигі.

13:05-13:10 – Бақытжамал Оспанова, ҚР Ұлттық кітпханасының директоры.

13:10:13:15 – Шамшидин Пәттеев, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры, ҚР Журналистика академиясының академигі

13:15-13:20 – Ерлан Бекхожин, «Хабар» агенттігінің Басқарма төрағасы, ҚР Журналистика академиясының академигі.

13:20-13:25– Давлетгалиев Болат Рашатович, Каспий университетінің профессоры, ҚР қоғам және мемлекет қайраткері, ҚР Журналистика академиясының құрметті академигі.

13:25-13:30 – Асель Караулова, Қазақстандық баспасөз клубының президенті, ҚР Журналистика академиясының академигі.

13:30-13:35– Сергей Апарин, «Новое поколение» және «Московский комсомолец в Казахстане» газеттерінің бас редакторы, ҚР Журналистика академиясының академигі.

13:45-13:40 – Аяған Сандыбай, главный редактор журнала «Мысль», академик Академии журналистики РК.

13:40-13:45 – Аманхан Әлім, «Мысль» журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі.

13:45-13:50 – Игорь Шахнович, «Караван» газетінің бас редакторы, ҚР Журналистика академиясының академигі.

13:50-13:55 – Карина Сарсенова, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық театр институтының президенті, Еуразиялық шығармашылық одақтың президенті.

13:55-14:00 – Дана Орманбаева, қоғам қайраткері, ҚР Журналистика академиясының академигі.

14:00-14:05 – Дулат Абиш, «Айғақ» газетінің бас редакторы, ҚР Журналистика академиясының академигі.

14:05-14:30 – БАҚ өкілдерімен сұхбат. Фотосессия.