Баспасөз аңдатпасы

17.10.2019

Көрулер: 1823

2019 жылдың 18 қазанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да белгілі жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 95 жылдығына арналған шығармашылық кездесу өтеді.

Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚазССР Мемлекеттік және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Оның еңбектері француз, неміс, испан және басқа тілдерге аударылған. Жазушы халықаралық қазақ PEN-клубының негізін қалап, 20 жылдан астам оны басқарып келеді.

Шараға шығармашылық зиялы қауым, қоғам және масс-медиа өкілдері, Алматы қаласының ЖОО-ның оқытушылары мен студенттері қатысады.

 

Өтетін орны мен уақыты: Әл-фараби атындағы ҚазҰУ, Студенттер сарайы, басталуы сағат16.00-де.

 

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

8 (727) 377 31 48

www.kaznu.kz