Туризм саласын дамытудың қазіргі заманғы мәселелері

11.10.2019

Көрулер: 3840

Құрметті әріптестер!

2019 жылы 29-30 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы, Қазақстан Республикасы) география және табиғатты пайдалану факультетінде өтетін "Туризм саласын дамытудың қазіргі заманғы мәселелері" атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Ғылым және инновация, туристік білім сапасы

1.       Туризмді аумақтық ұйымдастыру;

2.       Туризм және қонақжайлылықтағы ғылыми зерттеулер;

3.       Ішкі және кіру туризмін дамытудың аймақтық аспектілері;

4.       Туризм және қонақжайлылық саласы үшін мамандар даярлау.

Туризм және қонақжайлылықтағы заманауи технологиялар  

1.       Туристік бизнестегі инновациялық шешімдер мен smart-технологиялар;

2.      Туристік қызметтердің сапасын басқару, туристік дестинацияларды жылжыту;

3.       Туризм және қонақжайлылықтағы есеп және жоспарлау;

4.       Ұлы Жібек жолындағы туризм; 

5.       Туризмнің перспективалық түрлері және туристік қызмет бағыттары.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ:

  • ·  пленарлық мәжілісте баяндама жасау;
  • ·  секциялық мәжілісте баяндама жасау;
  • ·  стендтік баяндама;
  • ·  конференция жұмысына баяндамасыз қатысу;
  • ·  конференцияға сырттай қатысу арқылы ғылыми енбек жариялау.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛДЕРІ

Қазақша, орысша, ағылшынша.

ЖАРИЯЛАУ ФОРМАСЫ 

Қатысушылардың еңбектері конференция жинағында жарияланады.

Үздік мақалалар «ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы» және «География және геоэкология мәселелері» (ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізімінде) ғылыми журналдарында жариялануы мүмкін.

Басылымға арналған материалдар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады.

 

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР

Онлайн тіркелу және мақала 2019 жылдың 20 қазанына дейін қабылданады. Онлайн тіркелу төмендегі сілтеме бойынша:

https://docs.google.com/forms/d/1KNrdV1MSgv86I3cQy5oAPp5vdVBcGP3SNBUZb92CZgg/edit

Ұйымдастыру жарнасын төлеу – 2019 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.

Ұйымдастыру жарнасын ұйымдастырушылардың растауы бар хатты алғаннан кейін төлеу керек!

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ

 

Қатысу формасы  

Студенттер, магистранттар, докторанттар

Зерттеушілер мен оқытушылар  

Ауызша немесе стендтік баяндама арқылы конференция еңбектерінің жинағында жариялану

5000 KZT / 13 USD

7000 KZT / 18 USD

Конференцияға сырттай қатысу арқылы жариялану

3000 KZT / 8 USD

3000 KZT / 8 USD

Конференцияға баяндамасыз және жарияланымсыз қатысу

Ұйымдастыру жарнасы конференция материалдары жинағының бір данасының құнын және кофе-брейктерді қамтиды. Конференция жұмысына сырттай қатысушыларға жинақтың электрондық нұсқасы жіберіледі.

«ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы» ғылыми журналында жариялану жағдайында мақаланы ережеге сәйкес рәсімдеу және қосымша төлеу қажет: әрбір бет – 500 KZT / 2 USD.

«География және геоэкология мәселелері» ғылыми журналында жариялану мақаланы ережеге сәйкес рәсімдеуді талап етеді (қосымша төлемсіз).

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫН ТӨЛЕУ ТӘСІЛДЕРІ

1. KASPI GOLD № 5169 4931 9241 9961 (Sholpan Abdreyeva) банк картасына ақша аудару.

2. Ұялы телефон нөміріне ақша аудару: + 7 777 0131144 (QIWI Wallet).

Өтінімді, мақаланы және ұйымдастыру жарнасын төленгендігін растауды келесі электрондық поштаға жіберу керек: pptsd2019@gmail.com. Ұйымдастыру жарнасын төлеумен проблемалар туындаған жағдайда ұйымдастырушылармен хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫ ӨТКІЗУ ОРНЫ 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусы.

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география және табиғатты падалану факультеті (оқу ғимараты №6).

 

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ ОРНАЛАСТЫРУ 

Конференцияға қатысушылардың жол және тұрғын-жай ақысы жіберуші жақ есебінен.

Ұйымдастыру комитеті қажет болған жағдайда қонақ үйде номер брондауға көмектеседі.

 

БАҒДАРЛАМАДАН ТЫС ІС-ШАРАЛАР 

29 қараша 2019 ж.- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кампусына экскурсия.

30 қараша 2019 ж. – қала маңына экскурсия.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Плохих Роман Вячеславович

Ұялы телефон: +7(777)0131144 (WhatsApp Messenger, Telegram, Viber, Messenger, ChatON)

Байланыс телефоны: +7(727)3773333 (ішкі 1404, 1228)

Факс: +7(727)3773447 E-mail: pptsd2019@gmail.com

 

Жинақта жариялау үшін материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Материалдардың Microsoft Word мәтіндік редакторында терілген электрондық және қағаз нұсқасы.

Барлық құрылымдық элементтерімен бірге мақала көлемі 5 беттен аспауы тиіс. Шрифт – Times New Roman.

Жиектері: жоғарғы және төменгі жиектер– 2,4 см, оң және сол жиектер– 2,2 см.

Беттер төменгі жағында, ортасында нөмірленеді.

Негізгі мәтін жоларалық интервал 1,0 арқылы жазылады және ол үшін автоматты тасымалдау орнатылады. Кегль-12. Абзац – 0,8 см.

Мақала материалдары бір файлмен рәсімделеді және қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аннотацияларды, суреттерді, кестелерді, әдебиеттер тізімін қамтиды.

Суреттер, диаграммалар және басқа да иллюстрациялық материалдар мәтінде орналастырылады, нөмірленеді және суреттің астына «Сурет 1 – Суреттің атауы» жазылады.

Кестенің мәтіні: кегль-9. Мәтіндегі кестелерге сілтеме (кесте. 1). Кестенің атауы: «Кесте 1 – Кестенің атауы».

Суреттер, кестелер, графиктер мен диаграммалар саны мақала көлемінің 20%-нан аспауы тиіс. Иллюстрациялық материал анық, жақсы сапалы болуы керек.

Математикалық белгілеулер мен формулаларды Microsoft equation-да теріп, мәтінде жеке жолдарда орналастыру қажет. Мәтінде сілтеме көрсетілген формулалар нөмірленуі қажет. Формулалар мен мақаладағы орыс және грек әріптері, сондай-ақ математикалық символдар мен химиялық элементтер тікелей шрифтпен, латын әріптері курсивпен теріледі.

«Әдебиеттер тізімі»нде мәтінде сілтемелер бар көздердің тізімі келтіріледі. Әдебиеттер мақала мәтінінде көрсетілген ретпен келтіріледі (абзац «0,8 см», «ені бойынша» туралау, кегль 9). Мәтінде тізімнің нөміріне сілтеме тік жақшада беріледі. Тізімдегі әрбір библиографиялық сілтеме оның мәтіндегі реттік нөмірінен басталады: «[1] Петрова С. Н. Ғылыми-зерттеу қызметі ... »). Әдебиеттер тізімі автормен рәсімделеді және мұқият тексеріледі.

 

Үлгі

 

ОӘЖ

 

МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

 

А.В. Иванов1, С.Д. Петров2

1Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан, aivanov@mail.ru

2География институты, Алматы қ., Қазақстан, sdpetrov@yandex.kz

 

Аннотация 150-250 сөз орыс тілінде.

Аннотация 150-250 сөз қазақ тілінде (Қазақстан бейрезиденттері үшін аударманы ұйымдастыру комитеті орындайды).

Аннотация 150-250 сөз ағылшын тілінде.

Кілт сөздер: 5-6 сөз.

 

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні.

 

Әдебиеттер тізімі

Автор, атауы, шыққан жылы, баспасы, беттердің жалпы саны немесе нақты беттер.

 

«ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы» және «География және геоэкология мәселелері» ғылыми журналдарына мақаланы рәсімдеу тәртібі авторлардың сұранысы бойынша жіберіледі.