Біздің студенттік өмір!

22 қазанда «Бақшасарайда» студент қатарына қабылдау салтанаты өтті.

22-қаз-09

Студент атану - әр адамның өміріндегі маңызды оқиға. Себебі студенттік өмірге аяқ баса салысымен - ақ, сенің жастық шағыңның ең тамаша да қызықты сәттері басталмақ. Осы қызықты сәттердің бастауы біз үшін «Бақшасарай» салтанат үйінде өткізілген студенттер қатарына қабылдау кеші болды. Жай ғана рәсім болды деп айту - бұл ешнәрсе айтпағандық болар еді. Өйткені тек «Бақшасарайдың» әсемдігі туралы сөз қозғамау мүмкін емес. Себебі бұл - Алматыдағы ең көрнекті жерлердің бірі. Сондықтан да бұндай мүмкіндікті ешбір «балмұздақ» жібермесі кәміл.

Ары қарай оқу >>

Спартакиада

23-қыр-09

Спорт - денсаулық кепілі. Осы қағиданы ұстанған жастар саны күннен күнге көбейіп, спортқа ден қойған жас ұрпақтың төбесі әлемдік дәрежедегі додалы жарыстардан жиі - жиі көрініп жүргені, әрине, қуанарлық жайт. Оған үлкен септігін тигізіп, жеңімпаздарды іріктейтін, салауатты өмір салтын нық ұстануға бастама болатын спартакиадалардың өткізіліп отырылуы маңызды.

Ары қарай оқу >>

Пікірсайыс клубында жаңа маусымның ашылу

20-қыр-09

Адамзаттың санасымен қатар дүние есігін ашқан сөз өнері қашан да өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі, мұралардың асылы мен қымбаты ретінде бағаланады. Ал көсем сөз, көрікті ой тек көркем көңілден шығатынын ескерсек, ордалы оқу орнымызда тіл қаруымен қаруланған жастардың көп болуы тегін емес тәрізді. Қасиетті қара шаңырағымызда ақылмен ойлап, алғыр сөйлеп, шаршы топтың алдында сөз бастаған жастарымыздың басын біріктіретін «Алтын сапа» пікірсайыс клубы соның айқын дәлелі іспетті.

Ары қарай оқу >>

Ординаторлар институты

15-қыр-09

Студенттер Сенатының белсенді мүшелері Экономики және Бизнес факультетінің студенттері Құрманғалиев Рауан және Мендіғалиев Қаиыржанныңбастамасымен 1-курс студенттеріне жөн көрсетіп, жол сілтейтін «Ординаторлар институты» құрылды

Ары қарай оқу >>