БЕКІТЕМІН

әл-Фараби ат. ҚазҰУ Проректоры

__________ Джаманбалаева Ш.Е.

___ ________ 2011 ж.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ

ЖАСТАР САЯСАТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Кіріспе

Қазіргі заманғы қазақ қоғамының қажеттіліктері және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауы мен «Қазақстан дағдарыстан кейінгі әлемде: болашаққа интеллектуалды серпін» Актілік дәрісінде алдыға қойған міндеттер жоғары оқу орындарына маман даярлаудың жаңа талаптарын қойып отыр. Ол дегеніміз ең алдымен жаңа формациядағы қазақстандықтарды - бәсекеге қабілетті, бастамашыл, дербес шешім қабылдай алатын және сол шешімдеріне жауап бере алатын, әлеуметтік ортаның позитивті өзгеруіне дайын және азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетте тек өмір сүріп қоймай, сонымен қатар осы айтылғандардың бәріне өз үлесін қоса алатын тұлғаларды тәрбиелеу. Жастардың өздерін танытуы мен азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін қажетті жағдайларды жасауға бағытталған біртұтас жүйелі шараларды жүзеге асыру жастар саясатын іске асыруға ықпал етеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жастар саясаты студенттің тұлға болып қалыптасуында жооның белсенді араласуына бағытталған, сонымен қатар жастардың рухани, мәдени, саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған түрлі қоғамдық бірлестіктер, университет әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін де айқындайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жастар саясаты тұжырымдамасын әзірлеу төмендегідей шарттарға негізделген:

  • § біріншіден, индустриалды-инновациялық жедел даму жағдайындағы Елбасы Ә.Н. Назарбаевтың адам капиталының сапасына қоятын талаптарының контексіне сай жаңа стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру қажеттілігі;
  • § екіншіден, жастарды түрлі әлеуметтік тәжірибелерге белсенді тарту қажеттілігі, мұндай әрекеттер жас мамандар мен студенттердің мүмкіншіліктерін тек жүзеге асырып қоймай, сонымен қатар олардың өз күші мен болашағына деген сенімін арттырады;
  • § үшіншіден, университет жастарының бастамаларын қолдау, университет әкімшілігі мен жастар ұйымдары арасында кері байланыс орнату, университет басшыларына жастар мен жас ғалымдардың әлеуметтік көңіл-күйін бақылап, болашақ басшыларды дайындауға мүмкіндік береді.

Осы тұжырымдама әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жастар саясатын жүзеге асырудың шаралары мен бағыттарын, негізгі басымдықтарын, мақсаттары мен міндеттерін анықтайды және жастардың жеке тұлғалық, кәсіби әлеуетін жүзеге асыру және дамыту үшін әлеуметтік, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайларды жетілдіру барысындағы әкімшіліктің стратегиялық бағытын сипаттайды.

ҚазҰУ-дың жастар саясаты тұжырымдамасы Қазақстан Ренспубликасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жастар саясаты туралы заңына және ҚазҰУ-дың 2009-2011 жылдарға арналған Даму стратегиясына сәйкес қабылданған.

1. Жастар саясатының мақсаттары мен міндеттері

Жастар саясаты бағытталған мақсатты аудитория жас мұғалімдер, қызметкерлер, студенттер, сонымен қатар ҚазҰУ-дың болашақ талапкерлері болып табылады.

Жастар саясатының басты мақсаты университетте жастардың қоғамдық қызметін жандандыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университет жастарының физиологиялық және рухани, интеллектуалды дамуына ықпал ететін қажетті жағдай жасау болып табылады.

Жастар саясатының негізгі міндеттері:

  • § университеттің жас ғалымдары мен студенттерінің азаматтық-патриоттық және физиологиялық, әлеуметтік, мәдени, рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету;
  • § қоғамымыздың рухани құндылықтарының сабақтастығы мен экономиканың өркендеуін қамтамасыз ететін өз елінің патриотын, өз елінің тарихы мен мәдениетін және ғылымдағы, әдебиеттегі, өнердегі жетістіктерін білетін жоғары білімді зиялы тұлға, мемлекет пен қоғам өміріне қатысатын белсенді азамат тәрбиелеу;
  • § жастардың жеке жетістіктерге жету мүмкіндіктерін кеңейту;
  • § жастардың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, шығармашылық және спорт салаларындағы белсенділігі мен жетістіктерін қолдау, ары қарай дамыту және анықтау;
  • § жастардың бойында еңбек мотивациясын, жоғары іскерлік белсенділікті, кәсіби білім алу мен еңбек саласында тиімді дағдылар мен негізгі ұстанымдарды табысты меңгеру икемділігін қалыптастыру;
  • § жастар арасында асоциальды құбылыстардың кеңінен таралуына қарсы іс-әрекеттер жүйесін жасау.

2. Әл-фараби атындағы қазұу жастар саясатын жүзеге асырудың негізгі басымдықтары мен бағыттары

1 басымдық. Жастардың интеллектуалдық, шығармашылық және инновациялық әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Жоғарғы білім беру жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі «ұлттық ителлекттың ұйытқысын» жасау, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Бәсекеге қабілетті маманның маңызды қасиеттерінің қатарында жасампаз ой, алған білімді іске жарату, жаңа шешімдер қабылдау, технологиялар мен инновациялар болуы шарт. Аталған қасиеттерді жетілдіру ең алдымен университет түлектерін инновациялық ғылыми, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаға тартудың, студенттердің академиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясының, оқу процесін сабақтан бос уақытпен үйлестірудің, студенттердің шығармашылық дарындарын анықтаудың алғышарттарын жасауды талап етеді.

Осыған байланысты жастармен жұмыстың келесі бағыттары айқындалды:

  • § студенттерді ақылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тарту, сондай-ақ талантты жас ғалымдар, докторанттар, магистранттарды қолдаудың жүйесін және оларды ынталандыру жүйесін қалыптастыру;
  • § студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жобаларының интеллектуалдық шығармашылық жәрмеңкелерін өткізу, инновациялық бағдарламаларды үйлестіру, қолдау және құру арқылы практикаға енгізілуіне ықпал ету;
  • § талантты жастардың республикалық және халықаралық жастар шығармашылық байқауларына қатысуын қамтамасыз ету;
  • § жастар ғылымының дамуына ықпал ететін ақпараттық жүйелерді жетілдіру және құру;
  • § білім қызметтерінің сапасын үнемі жетілдіру
  • § студенттердің тілдік даярлығын арттыру;
  • § жас ғалымдар мен студенттердің әлеуметтік мобильділігін шетелдік білім беру мекемелерінде машықтанудан өту, қайта даярлау, оқыту бағдарламалары саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту арқылы арттыру;
  • § университет жастарының шығармашылық жетістіктерін анықтау және жариялау мақсатында конкурстар, көрмелер, фестивальдер, байқаулар, концерттер, симпозиумдар, оқулар және конференцияларды ұйымдастыру және өткізу.
  • § жастарды экономикалық және еңбектік қызметке тартудың формалары мен модельдерін дамыту, олардың еңбек нарығында кәсіби тұрғыдан өздерін танытуға бағытталған іс-шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асыру, әзірлеу арқылы білім беру қызметінің сапасын қанағаттандыру және түлектердің жоғары сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету;
  • § Студенттік құрылыс жасақтары мен басқа да еңбек жасақтарының жұмысын жандандыру және дамыту;
  • § Жас ғалымдар мен мамандарды кәсіби бейімдеу мен жұмысқа орналастыру мақсатында студенттік практика, машықтану, кәсіби семинар презентациялар өткізу және ұйымдастыру.
  • § Жас мамандардың, ғалымдардың, ҚазҰУ түлектерінің есебінен кадрлық қор құру.

2 басымдық. Жастар арасында азаматтылықты, елжандылықты, салауатты өмір салтын және дәстүрлер жалғастығын қалыптастыру:

Елдің стратегиялық капиталы және оның қазіргі дамуының маңызды факторы – жастардың рухани және тәндік дамуы. Жастардың өз елінің рухани мәдениетіне жақындасуы, еліміздің тарихына үңілуі, қоғамдағы достық, бейбіт және татулық жағдайы жас ұрпақ бойында Отаны – Қазақстан Республикасы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру керек.

Жастардың рухани, адамгершілік, патриоттық тәрбиесінің маңызды бағыты – оларды діни экстремизмнің, фанатизмнің кері әсерінен оқшаулату; жастар ортасында асоциальды жүріс-тұрыстың таралуын тоқтату,, тәртіп бұзушылықтың алдын алу.

  • § университет жастарының қатысуымен патриоттық тәрбие беретін бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
  • § студенттерді діни идеологияның теріс бағыттарына қарсы көзқарасын қалыптастыру, қоғамдық-саяси сауаттылыққа баулу, жастар арасында ыланкестік, әлеуметтік, ұлтаралық алауыздық және діни-экстремистік идеялардың таралуына жол бермеу бойынша іс-шаралар өткізу;
  • § студент жастардың бойында адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру, мемлекеттік және ұлттық мерекелердің идеологиялық мәні мен маңызын кеңінен пайдалану;
  • § жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа деген қарсы көзқарасты қалыптасрыу мақсатында іс-шаралар ұйымдастыру;
  • § волонтерлік қозғалысты дамыту арқылы қоғамға қызмет ету мәдениетін қалыптастыру, түрлі қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру;
  • § әртүрлі акциялар, пікірсайыс аландарын ұйымдастыру арқылы азаматтық белсенділікті арттыру;
  • § жастарға азаматтық және патриоттық тәрбие беруге ардагерлердің қатысуына ықпал ету;
  • § жастар арасында университет тарихын, дәстүрлер сабақтастығын насихаттау, дәстүрді қалыптастыру, оның танымал, көрнекті түлектері туралы ақпаратты тарату;
  • § қорғаныс-спорт клубын құру, жастарға арналған дене шынықтыру, сауықтыру және спорттық үйірмелер мен секцияларды дамыту;
  • § жастардың бойында дене шынықтыру мен спортпен, туризммен, денсаулықты сақтау мен нығайтуға студенттік спортты дамытуға қажеттілікті қалыптастыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізу;
  • § жастар арасында нашақорлық, маскүнемдік, асоциалды құбылыстардың алдын алу бойынша ақпараттық және үгіт жұмыстарын жүргізу.

3 басымдық. Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту

Құқықтық және демократиялық қоғамдағы өмір үшін белсенді азаматтарды дайындаудың бірден бір жолы - студенттік өзін-өзі басқару. Сондықтан да студенттің тұлға болып қалыптасуына көмектесетін жоғарғы оқу орнындағы студенттік өзін-өзі басқарудың дамуы үлкен маңызға ие.

Жастардың позитивті қоғамдық ынталарын қолдау мен ары қарай ынталандыру демократиялық мәдениет деңгейінің артуына, патриоттық сезімді, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеуге септігін тигізеді, жастардың әлеуметтену процесіне оң ықпал етеді. Дәл осы қоғамдық ұйымдар жүйесінде жас ұрпақтың экономикалық, инновациялық, шығармашылық белсенділігін іске асырудың ең жайлы жағдайлары қалыптасады.

Студенттік актив басшылық тарапынан оқу-тәрбие процесінің нақты ұйымдасуы, студенттік өмірдің жандануы, әкімшілік пен студенттер арасында байланыс орнату мақсатында қызмет ететін әріптес ретінде қабылданады. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитетінің белсенділері факультеттер мен жатақханалардағы көптеген ірі қоғамдық іс-шаралардың инициаторлары мен ұйымдастырушылары.

Студенттік өзін-өзі басқаруының ары қарай дамуы үшін келесілер қажет:

  • § студенттік өмірдің жақсаруы мақсатында студенттердің білім беру сапасын басқаруға және шешім қабылдауға қатысуын арттыру;
  • § студенттік өзін-өзі басқару жүйесінде студенттердің белсенді қызмет атқаруы үшін мотивтер жүйесін қалыптастыру;
  • § Студенттік өзін-өзі басқару органдарының университеттің әкімшілік органдарымен өзара қарым-қатынасын жетілдіруге бағытталған ҚазҰУ-дың нормативтік құқықтық актілеріне қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар даярлау;
  • § Университеттің әкімшілік органдары мен белсенді студенттері арасында бірлескен отырыстар, кездесулерді ұйымдастырып, өткізу;
  • § Студенттер арасында студенттер үздік жетістіктерін дәріптеу, белсенділік көрсеткіштері бойынша студенттер контингентінің мәліметтер базасын құру, студенттік көшбасшы мектебін ұйымдастыру;
  • § университет студенттерінің республикалық, жалпықалалық жастар бағдарламалары мен жобаларына қатысу;
  • § студенттермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты жетілдіру, қиын жағдайға тап болған студенттерге көмек көрсету;
  • § белсенді қоғамдық қызметі үшін студенттірді ынталандыру жүйесін ары қарай дамыту.

4 басымдық. Білім алу мен жатақханада тұру жағдайын жетілдіру

Университеттің қабылданған Стратегиясының басты міндеттерінің бірін, жоғары білікті жас буын мамандарын дайындау, жүзеге асыру мақсатында жастардың білім алу жағдайының жақсаруына, жатақханада тұруы мен тәрбиесіне, денсаулығы мен бос уақытын қалай өткізуіне аз көңіл бөлінбейді.

Факультеттер мен ғылыми-зерттеу лабораторияларының техникалық жабдықталуына үлкен мән берілді. Дене тәрбиесіне жасалған жағдайдың жақсаруы және ары қарай жоғары нәтижелерге жету, студенттер арасында спорттық іс-шаралардың артуы мақсатында спорткешен мен дене шынықтыру кафедрасының материалды-техникалық жабдықталуына улкен назар аударылған.

300 орындық Жастар интернет-орталығы ашылды, барлық жатақханаларда комьютер класстары жұмыс атқаруда. Студенттік кинотеатр жұмысын қайта жалғастырды.

Білім алу мен жатақханада тұру жағдайын жетілдіру үшін төмендегі шаралар қажет:

  • § жатақханаларды реконструкция мен күрделі жөндеуден өткізу және студенттерге қоныстану үшін қосымша орындар бөлу;
  • § лабораториялар мен дәрісханаларды қазіргі заманғы интерактивті құралдармен ары қарай жабдықтау;
  • § жастарға арналған денсаулық орталығын салу;
  • § тамақтану сапасын жақсарту;
  • § тұрмыстық қызмет көрсетудің материалдық-техникалық базасын дамыту;
  • § жазғы демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруды жетілдіру.

3. Тұжырымдаманы жүзеге асыру ұстанымдары мен тетіктері

ҚазҰУ-дың жастар саясатының ұстанымы:

  • § мазмұнның вариативті ұстанымы - жастардың кәсіби әлеуметінің көптүрлі мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарының, әртүрлі бағдарламалардың болуы;
  • § әлеуметтік инновациялар ұстанымы - жастармен жұмыс инновациялық форматы, жаңа идеяларды, технологияларды өндіру, сапа бағасының механизмі мен жоба талаптарының қалыптасу ұстанымы;
  • § ҚазҰУ-дың жастар саясаты жобаларын әзірлеу және жүзеге асыруға студенттердің қатысу басымдылығы ұстанымы; жастар арасында бірлестік пен әлеуметтік серіктестікті, ынтымақтастықты дамыту;
  • § ақпараттық ашықтық ұстанымы - ақпаратты барынша толық жеткізу, кері байланысқа шығуға жағдай жасау;

Негізгі тетіктерді жүзеге асыру ретінде, олардың мазмұны мен шарттары ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:

Негізгі тетіктер

Мазмұны

Шарттары

Жастар саясатының нормативті-құқықытық базасының дамуы

Нормативті-құқықытық құжаттарды сәйкестендіру және алқалық талқыланған, жариялылық негізінде жаңа құжаттарды жасау, студенттік өзін-өзі басқару мүшелері мен қоғамдық қауымдастық өкілдерін құжаттарды дайындауға тарту.

- жастар саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша қажетті іс-шаралар жоспарын дайындау

- жастар саясатын жүзеге асырудың нақты аспектілерін реттеу үшін қажетті локальдік актілерді жасау

- университетте жастар саясатымен айналысатын тұлғалардың қызметтік нұсқауларына қажетті өзгертулер еңгізу

Ақпаратты ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жүйесінің дамуы

Интернет-сайтта, ЖОО басылымдарында, ақпараттық стендтерде жастар саясатын жүзеге асыру саласында университет қызметі туралы ақпараттың сапасын жоғарылату мен өз уақытысында еркін қолайлы болуын қамтамасыз ету.

Мониторинг элементтерін еңгізу, университет қызметкерлері мен студенттерінің әр түрлі категориялары үшін арнайы ақпараттық бөлімшелерді жасау.

Әлеуметтендіру және тәрбие беру мәселелері бойынша әдістемелік және ақпараттық әдебиеттер базасын құру, студенттер, жас оқытушылар, студенттік топтар кураторлары, тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасарлары үшін ақпараттық және ғылыми-әдістемелік материалдарды басып шығару

- жастар саясаты, көрнекілік және т.б. бойынша веб-сайттағы бетті өңдеу

- білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жастар бағдарламалары мен негізгі іс-шаралар туралы ақпараттандыру деңгейі;

- жастар саясаты мәселелері бойынша ақпараттық және әдістемелік әдебиеттер базасының болуы

- жастар саясаты мәселелері бойынша курстар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу

- жастар саясатын жүзеге асыру ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу (буклеттер, естеліктер және т.б.)

- жастардың актуалды мәселелері бойынша жастарды консультативті қолдау жүйесін жасау

Басқару жүйесін жетілдіру

Тәрбие және тілдерді дамыту жөніндегі департамент қызметінің кадрлық және мазмұндық толықтырылуы.

Жасалған жұмыс сапасының барлық басқару деңгейінің жауапкершілігін анықтау, тәрбие жұмысымен бөлімшелердің рейтинг жүйесін жасау, жоспарланған өзгертулерді өз кезінде түзету, тұжырымдаманың негізгі бағыттарын жүзеге асыру қорытындылары бойынша кері байланыс сапасын жоғарылату.

Студенттік өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар мүшелерінің, барлық мүдделі тұлғалардың болашақ жоспарларды талқылауға белсенді тарту

- жастар саясатын жүзеге асыруға функционалды жауапты әкімшілік құрылымы қызметінің тиімділігі

- декандар және деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, эдвайзерлер қызметінің тиімділігі

- жастар ұйымдарымен үнемі байланыс механизмінің болуы

Бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру

Студенттік жастардың өзін-өзі ұйымдастыру. Барлық факультеттер мен университетте студенттік өзін-өзі басқару органдары қызметінің белсендірілуі, олардың университеттегі педагогикалық үдерістің сапасы мен ұйымдастыруына ықпалы.

Университет жатақханаларында студенттік өзін-өзі басқару органдарының дамуы және олармен тиімді әрекеттесуін ұйымдастыру. Білім беру мәселелеріне студенттерді қосу.

Жас ғалымдар Кеңесі қызметін жандандыру

- Студенттік өзін-өзі басқару дамуының деңгейі

- іс-шараларға ОПҚ мен студенттердің қатысуының және әлеуметтік белсенділік динамикасы

- студенттік бірлестік қызметінің тиімділігі

- жас ғалымдар Кеңесі қызметінің тиімділігі

Әлеуметтік инфроқұрылымның кеңеюі және оқудан тыс жұмыстардың материалды техникалық базасының дамуы

Университеттің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде жоспарланған жөндеу жұмыстарын жүргізу және студенттер мен қызметкерлердің қол жеткізуін қамтамасыз ету, жатақханаларда тұру шарттарын сапалы жақсарту. Тамақтану сапасын жетілдіру. Мәдени-көпшілік жұмыстар ұйымдастыру үшін шарттар жасау, әсіресе студенттік шығармашылық бірлестіктеріндегі жұмыстар үшін.

- материалды-техникалық базаны тиімді қолдану

- жатақханаларда тұру жағдайын жақсарту бойынша қызмет

- студенттер мүдделері мен қажеттіліктеріне секциялар мен үйірмелердің сәйкестігі

- оқудан тыс жұмыстарының материалды-техникалық базасын сапалы жаңарту (актілік залдар, клубтар, дайындық орындары және т.б.)

- дәмханалар мен асханаларда тамақтану мен қызмет ету сервисінің, сапа деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз ету

Жастар саясатының қаржылық қамтамасыз ету тетігін жетілдіру

Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша іс-шараларды және тәрбие жұмысын қаржыландыруды жоспарлау. Университеттің тәрбие және әлеуметтік қызметіне жалпы шығындардың дұрыс динамикасы. Белсенді және дарынды студенттерге материалды қолдау көрсету үшін ҚазҰУ-да білім алушыларға әлеуметтік қорғау қорын жасау.

- Іс-шараларды қаржыландыру жеткіліктігі және тұрақтылығы

- қаржыландыру динамикасы

Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар мен тәрбие жұмысы сапасын ішкі бағалау жүйесінің дамуы

Тәрбие жұмысы қорытындыларын жинақтау және анализдеу, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау.

Жыл сайын университет қызметтерінің әр түрлі бағыттары бойынша оқытушылар мен студенттерге қанағаттанушылық мониторингін өткізу және шыққан қорытындылардың анализі. Оқудан тыс қызмет акциялары мен жеке іс-шараларды бағалау критериилерін еңгізу. Университеттегі тәрбие жұмысы жағдайының анализі мақсатымен семинарлар, кеңестер өткізу.

Ішкі бағалау кезінде шығарылған ұсыныстар мен ескертулерді орындау бойынша кері байланыс механизмін жетілдіру және жүзеге асыру.

Есептер, ақпаратты-аналитикалық хаттар, тәрбие жұмысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар

- жастар саясатын жүзеге асыру бойынша университет бөлімшелері қызметінің мониторингі қорытындысы

- оқудан тыс жұмыстар акциялары мен жеке іс-шаралар бағаларының критерийлерінің болуы

- жастар үдерісін сипаттау және тенденцияны анықтау

4. Тұжырымдаманың ережелерін жүзеге асуын ұйымдастыру және бақылау

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар саясаты концепциясын ұйымдастыру және бақылау

  • § Концепияны жүзеге асыру барысындағы іс-шаралар жоспарының орындалуын талдау және оны түзетуге байланысты өзгертулер енгізу;
  • § Концепцияның жүзеге асуын ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
  • § Концепция мен іс-шаралар жоспарына жауаптылардың жұмысын үйлестіру;
  • § Концепцияның жүзеге асуы жайлы жыл сайынғы сараптамалық ақпарат беру

арқылы тіл және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорға, тілдерді дамыту және тәрбие жұмысы жөніндегі департаментке және Жастар ұйымдары комитетіне жүктелген.

5. Күтілетін нәтижелер

  • § ҚазҰУ-дың білім беру жүйесінде Жастар саясаты тұжырымдамасын тұтастай, мақсатты, жүйелі жүзеге асыру.
  • § Жастар ортасындағы жағымды тенденциялар - білім беру деңгейінің жоғарылауы, патриоттық сезімнің дамуы, жастардың ғылыми, оқуда және оқудан тыс қызметтерге белсенді қатысуы;
  • § Студент жастардың азаматтық-құқықтық мәдениетін қалыптасуы;
  • § Жастардың рухани-адамгершілік, зияткерлік, мәдени-эстетикалық әлеуетін дамыту;
  • § Тәрбие үдерісі техологиясы және әдістер мазмұнының деңгейін жоғарылату;
  • § Жастарды тәрбиелеу және насихаттау инновациялық әдістерін қамтамасыз ететін, мамандарды даярлау жүйесін жасау және жүзеге асыру;
  • § Жастарды өмірге өз бетінше бейімделуі, олардың әлеуметтік, тұрмыс-үй шарттарының шешілуі үшін жағдай жасау, жастарға бос уақыт пен демалыс ұйымдастыру, салауатты өмір салтына талпынуды қалыптастыру
  • § Университет түлектерін жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
  • § Жастардың экономикалық және құқықтық қызығушылығын жүзеге асыруға шарттарды қамтамасыз ету;

ҚазҰУ-дың жастар саясатын табысты жүзеге асыру - ҚазҰУ-дың тек классикалық университет ретіндегі оң имиджін қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар жастар өміріндегі аса маңызды әлеуметтік-мәдени орталық ретінде студенттердің кәсіби және әлеуметтік дағдыларын қалыптастырады.