БЕКІТЕМІН

әл-Фараби ат. ҚазҰУ Проректоры

__________ Джаманбалаева Ш.Е.

___ ________ 2011 ж.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ЭТИКАСЫ БОЙЫНША КОМИССИЯЛАР ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1. Этика бойынша комиссия Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың факультет декандарының қатысуымен Қоғамдық бастамаларды бастайтын кеңес беруші орган болып табылады.

1.2 Этика бойынша комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасын, осы ережені, ҚазҰУ оқытушылары мен қызметкерлерінің корпоративті мәдениет кодексін, ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексін, ҚазҰУ оқытушысы мен студенті туралы ережесін және басқа да университеттің нормативті құжаттарын басшылыққа алады.

2. Этика бойынша комиссиялардың мақсаттары мен міндеттері

2.1 Университет оқытушылары, қызметкерлері және студенттерінің қызметтері мен қарым-қатынасының кәсіби және адамгершілік нормаларын қалыптастыру және қолдау.

2.2 Университеттік бірлестік мүшелері арасындағы бір-бірімен жете түсінуін, ынтымақтастығын нығайту.

2.3 Пайда болған егестер мен жанжалдардың дамуына жол бермеу, жағдайды жете түсінуге мүмкіндік туғызатын, іскерлікті сақтау үшін пайда болған барлық қайшылықтарға ымыра шешімдер табу.

3. Этика бойынша комиссиялар төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:

3.1 Университетте корпоративті ұстанымдар мен ережелерді қалыптастыруға әсерін тигізетін іс-шараларды жүзеге асыруға қатысады және ұйымдастырады;

3.2 Ұжым мүшелері корпоративті мәдениет кодексін сақтауын бақылайды;

3.3 Оқытушылар, қызметкерлер және студенттердің әдепсіз жүріс-тұрысы деректерін қарастырады;

3.4 Өз бетінше және/немесе университеттің басқа да мүшелерімен (лауазымды тұлғалар) бірігіп корпоративті этика ережесін бұзған оқытушылар, қызметкерлер және студенттердің тәртіп бұзу деректері бойынша тексерулер жүргізеді;

3.5 Талқылаудан кейін мәселелерді шешу жолдарын ұсынады;

3.6 Университет Әкімшілігіне корпоративті мәдениет нормаларын бұзу деректері бойынша нақты оқытушылар, қызметкерлер және студенттерге шара қолдануға ұсыныс береді.

4. Этика бойынша комиссия құқықтары

4.1 Өз қызметін жүзеге асыру барысында оқытушылардан, қызметкерлерден және студенттерден анықтама талап етуге, оның ішінде комиссияның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша жазбаша түрде тәртіп бұзушылықты жою немесе комиссия шешімін орындағаны туралы есепті және басқа құжаттарды көрсетуді талап етуге;

4.2 Мәжіліске тәртіп бұзушыны және жәбірленушіні шақыруға;

4.3 Этика мәселелері бойынша талаптар мен ұсыныстар енгізуге құқылы.

5. Этика бойынша комиссиялар қызметін ұйымдастыру

5.1. Комиссия құрамына факультет қызметкерлері, оқытушылар мен студенттер кіреді.

5.2 Этика бойынша комиссия өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды.

5.3. Комиссия төрағасы төмендегі қызметті жүзеге асырады:

- комиссия қызметін басқарады;

- комиссия мәжілісін дайындайды, шақырады және өткізеді, төрағалық етеді;

- осы ережеге сәйкес факультет оқытушыларын, қызметкерлерін және студенттерін комиссия қызметі туралы хабардар етеді.

5.4 Этика бойынша комиссия өзінің бекітілген жоспармен жұмыс істейді. 5.5 Этикасы бойынша комиссияның отырысы тәртіп бойынша айына бір рет шақырылады.

5.6 Этика бойынша комиссия шешімі мәжілісте кемінде оның 2/3 мүшесі қатысқан жағдайда көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда этика комиссиясы төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

5.7 Этика бойынша комиссия мәжілісі хаттамамен рәсімделеді. Хаттамаға кеңес төрағасы және хатшысының қолдары қойылады.

5.8 Этика бойынша комиссия мүшелігі төмендегідей тоқтатылады:

а) комиссия мүшесінің ынтасымен факультет деканы атына жазылған өтініші негізінде;

б) оқытушы (қызметкер) жұмыстан босатылған жағдайда;

г) комиссия мүшесі уақытша қызметінде болмауынан басқа, кез келген себеп бойынша өз қызметін орындамаған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.