Жоғары студенттер кеңесі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. ҚазҰУ қалашығы.
Жоғарғы Студенттер Кеңесі
Жоғарғы Студенттер Кеңесінің төрағасы филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 4 курс студентіАязбаева Сәуле
- 1. Жалпы бағдарламасы:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жатақханаларының Жоғарғы Студенттер Кеңесі (жатақхана Студенттер Кеңесі) – бұл ҚазҰУ қалашығы жатақханаларындағы студенттердің тәртібі мен тазалығын қадағалай отырып, түрлі мәдени–көпшілік, спорттық және басқа да іс–шараларды ұйымдастырып, жүргізуді іске асыратын құрылымдық бөлім.
.
- 2. Негізгі мақсаттары:
- Жоғарғы Студенттер Кеңесінің негізгі мақсаттары болып:
- 2.1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды іске асыру;
- 2.2. Университеттегі жастар мен студенттердің өзін-өзі басқаруын жан-жақты дамыту;
- 2.3. Жатақханада тұратын студенттердің азаматтық ролі мен жауапкершілігін арттыру;
- 2.4. Студенттік жастарда патриоттық рухты үйлесімді дамыту;
- 2.5. Студенттердің жеке қабілеттері мен интеллектуалдық мүмкіндіктерін бүкіл қоғам мүддесі үшін дамытуға жағдай жасау.
- 3. Ұйымның құрылымы:
- 3.1. Жоғарғы Студенттер Кеңесінің басшысы орнына бір оқу жылы мерзіміне жатақханада тұратын студенттер арасынан сабақта үлгерімі жоғары, белсенділік қабілеті бар, ұйымдастырушылық қабілеті мол, студенттік жастар арасында беделді студент сайланады.
- 3.2. Жоғарғы Студенттер Кеңесінің құрамына: тең құқылы төрағасы мен төрайымы, хатшысы және екі орынбасары кіреді. Сонымен қатар жатақханалардың Студенттер кеңесінің төрайымдары мен төрағалары кіреді.
- 4. Қызметтері:
- 4.1. Жоғарғы студенттер кеңесінің жұмыс жоспарын жасап, сонымен қатар жатақханалардың жылдық жұмыс жоспарын қадағалап оның орындалуын қамтамасыз ету;
- 4.2. Жатақханаларда тұратын студенттердің аттестациялық картасын жүргізуін жатақхана төрайымдары мен төрағаларынан талап ету.
- 4.3. Студентті жатақханаға орналастыру туралы шешімдердің қабылдануын қадағалау;
- 4.4. Жатақханада тұратын студенттердің мүдделері мен мәселелерін қарастырып, оларды шешу;
- 4.5. Жатақханада тұратын студенттердің әлеуметтік және басқа да құқықтарын қадағалауды қамтамасыз ету;
- 4.6. Жатақханада тұратын студенттерді университеттің, жатақхананың мәдени-көпшілік және басқа да іс-шараларына қатыстыру;
- 4.7. Жатақханаларда белгілі ғалымдар және мәдениет қайраткерлерімен кездесулерді, дөңгелек үстел, дебаттар, тақырыптық және шығармашылық кештерді ұйымдастыру мен жүргізу. Аудандық, қалалық және республикалық семинарлар, конференциялар мен жарыстар, басқа да іс-шараларға қатысу.
- 5. Құқықтары:
- 5.1. Жоғарғы студенттік кеңестің басқару органдарына сайлау және сайлану;
- 5.2. Жатақхана студенттер кеңесінің төрайымдары мен төрағаларынан жұмыстарына қатысты мәліметтер алу;
- 5.3. Тәртіп бұзған студенттерге қатысты шара қолдану.
- 5.4. Университеттің ғылыми кітапханасын қолдану, және басқа да ҚР заңдарына, Университет жарғысы мен осы бағдарламаға қайшы келмейтін әрекеттер жасау
- 6. Міндеттері:
- Жоғарғы Студенттер кеңесінің мүшелері:
- 6.1. Осы бағдарламаны орындауға;
- 6.2. Қойылған мақсатты уақытында және сапалы орындауға;
- 6.3. Еңбек тәртібін сақтауға және өндіріс мақсатында қолдануға берілген мүліктің бүтіндігін қадағалауға;
- 6.4. ҚР Ата заңын, сондай-ақ осы Бағдарлама қарастырған нормаларды сақтауға жауапты.