Біздің студенттік өмір!

"Тәуелсіздік 20 жылдығына" қалалық жастар форумы

11-қар-11

11.11.11 күні жастар үшін несімен ерекшеленді?

Күні, айы, жылы бір санымен сәйкес келген бұл күнді көпшілік көптен бері күткені рас. Бірі осы күнді арнайы кішігірім мереке ретінде тойлауға асықса, екіншілері бұл күнге арнайылап жоспар құрып жатты. Ал, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі оңтүстік астананың көшбасшыларын жинаған қалалық жастар форумын ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«75 жылдықта 75 теңгемен түскі ас» атты акция

5-қар-09

10.11.2009 ж.«Сұңқар» Студенттер кәсіподағы

Еліміздің белді білім шаңырағы Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетнің тарихына 75 жыл толса, 1999 жылдан бастап заңды мекемеге айналған «СҰҢҚАР» Студенттер әлеуметтік кәсіп одағына 10 жыл толып өз жұмысын бүгінгі күнде атқарып келеді. Кәсіподақтың негізгі басты мақсаты, ҚР-ның заңына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттерінің әлеуметтік- экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғау, мүшелерінің еңбек құқығы мен денсаулығын қорғау болып табылады. Сонымен қатар еліміздің белсенді болашағын тәрбиелеуде түрлі мерекелік іс -шаралар, маңызды тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.

Ары қарай оқу >>