Іс-шаралар

Студенттердің әлеуметтік құқығын қорғап,олардың әрдайым көңілінің жарқын болып жүруі үшін қызмет ететін «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ең алғашқы жұмысын жатақханада 1 курс студенттеріне арналған «Кәсіподақтың жоспарлары мен болашақ жұмыстары» атты кездесулер ұйымдастырумен басталды. Бұл кездесулер қыркүйек айының 12-14 жұлдыздар аралығында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының төрайымы А.М. Қарақожаева, төрайым орынбасары Ш.Тіленчиева және сектор үйлестірушілері кездесуді жүргізіп отырды. Бұл кездесуге ЖОО-ның табалдырығын алғаш аттаған 1 курс студенттері кездесуде өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.Ендігі кезекте , кез-келген жұмыста жоғары дәрежеде атқару үшін командалық рухтың қажеттілігін түсінген кәсіподақ алғашқы семинар трейнингін таңғы жаттығулардан бастады.

17.09.2011ж

Қаз ҰУ стадионында таңғы сағат 06.00-де өткізілген тренингке барлық факультеттер белсенді қатысты. Оның ішінде «Ең белсенді» атанып, көзге түскен заң факультеті болды.Таңғы жаттығуларда ұйымның ауызбіршілігі мен татулығын көрсететін «Айсберг» ойыны ойнатылды. Ойында барлық факультеттің шеберліктері мен жылдамдықтары байқалды.

22.09.2011ж

Қыркүйек айының 22 жұлдызында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен «Бауырсақ party» акциясы өтті. Акцияда факультетке кірген мұғалім-студенттер қазақша мақал-мәтел айтып бауырсақ алып отырды, ал өз өнерлерін көрсеткен студенттерге бауырсақпен қоса сусын берілді. Акция өте қызықты өтті, мұғалімдердің де, студенттердің де көңілінен шықты. «Сұңқар» кубогына арналған мини-футбол өткізілу үшін әр факультетте «Декан кубогына» іріктеме жүргізілді. Іріктемеде әр факультеттің шебер ойыншылары іріктеп алынды.

10.10.11 күні «Жастар кәсіподақты қолдайды» атты форум өткізілді.Форумда студенттердің білімділіктері, ынталары жайында айтылды. Студенттер мазалап жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Форумға қатысқандар: Сектор үйлестірушісі Жалниязов Досхан және Тарих факультетінің студенті Бердалы Ерман өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар «Сұңқар» кәсіподағының төрайымы Қарақожаева Алия «Ең үздік инновациялық жоба» номинациясының иегері болды.

12.10.11ж

«Жастар кәсіподақты қолдайды» атты I халықаралық жастар форумының аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттер кәсіподағы арнайы шақырылған қонақ Президент жанындағы және ЕЫҚҰ-ның адам құқықтар жөніндегі комиссия мүшесі Г.Н. Әскенқызы студенттермен тренинг жүргізді.

15.10.2011

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Сұңқар» студенттер кәсіподағы «Біз дұрыс тамақтануды қолдаймыз» атты жобасының аясында және Университтеттік стратегияны дамыту, Асхана қызметтерін жақсарту мақсатында Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Ш. Е. Жаманбалаева және Экономикалық және өндірістік мәселелерді басқаратын проректоры Е.А. Ан асхана арендаторлары, «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы және студенттре кәсіподағының комиссияларымен біріккен жиналыс өткізді.

14.11.2011 тәрбие жұмысы Департаменті және «Сұңқар» студенттер кәсіподағының ұйымдастыруымен Университеттік ашық КТК лигасының ақтық мәресі өтті.

18 қараша күні ҚазҰУ-дың Георафия жане табиғатты пайдалану факультетінің «Сұнқар студенттер кәсіподағының» ұйымдастыруымен минифутболдан «Декан кубогына» студенттер арасында сайыс өтті. ҚазҰУ-дың спорт комплексіндегі ашық минифутбол алаңында командалар «Декан кубогына» және де ең үздік команда атануға бар жігерлерін сала қатысты. Сайысқа жеті команда қатысты: Z.M., Аnti young star, Жетісу, Young star, Гидрологи, Жеңіс, T_u pride. Жүлделі III-ші орын иегері техникалық себептермен «Аntiyoung star» командасы атанды, II орынды «Жетісу» командасы иеленді. Ескере кететін жай «Жетісу» командасының ойыншылары кілең I курс студенттері. Бас жүлделе - I орын «Young star» командасына бұйырды. Ойын барысында III-IV курс студенттер «Young star» үздік команда ойыншыларына «ең үздік шабуылдаушы» -Нұрқоджаев Абылайға, «ең үздік қақпашы»- Қалмаханбет Несіпханға, «ең үздік қорғаушы» - Ақынбеков А., «ең үздік жартылай қорғаушы»-Жолмурзаев Тлеумуратқа номинациялары берілді. «Декан кубогы» Георафия жане табиғатты пайдалану факультетінің деканы В.Г.Сальниковтың қаржылай көмегімен және де үлкен тікелей көмегі арқасында ұйымдастырылды.

2011 жылдың 19 қараша күні Астана алаңында Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күніне арналған флешмоб өткізілді. Аталған іс-шара ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен Acierto маркетингтік компаниясының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік іс-шараның мақсаты қоғамның назарын қант диабетімен ауыратындар проблемасына аудару еді. Бұл іс-шараны ҚазҰУ студенттері қолдап, қатысқан. Флешмобқа студенттердің қатысуына қолдау көрсеткен «Сұнқар» студенттер кәсіподағы. Қатысқан 100 студенттің 50-ге жуығы «Сұңқар» кәсіподағының белсендіоері болған. Бүкіл қатысушылар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік драма театрында өтетін қант диабетіне қарсы күрес Күні өткізілетін қайырымдылық концертіне шақырылған болатын.

24.11.2011 Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған ашық дзюдодан жарысында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының қолдауымен 1 орын иелеріне сыйлық табыс тапсырылды.

24.11.2011 Экономика және бизнес жоғары мектебі және заң факультеті автокөлік иелеріне «Автокөлік иелерінің Клубы құрылғандығы туралы» жиналыс өтті.

Ақпан айының 7 жұлдызында «Сұңқар» студенттер кәсіподағының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарында Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау болды. Сонымен қатар профоргтар жұмысы, «Кәсіподақ – басқару ұйымдарының формасы ретінде» атты ІІ Халықаралық студеттік online форумы мен әртүрлі мәселелер қарастырылды.

Жиналысты Қазақ ұлттық университетінің жастарды ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Сәуле Ишанғалиева ашты. Жиын Елбасының Жолдауын студенттермен талқылаудан басталды.

Сәуле Сырымқызы талқылау соңында Президентіміздің Жолдауындағы басымдылықтарды алға ала отырып, студенттердің еліміздің болашағының зор болуы үшін бүгіннен бастап аянбай еңбек ету керектігін айтты.

Кеңейтілген жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша университетіміздегі 13 факультеттің профоргтар жұмысын басшылық тексеріп, қорытындылады. Сонымен қатар наурыз айында жоспарланып отырған қара шаңырағымызда өтетін еліміздің кәсіподақтарының форумының жоспары жарияланып, кәсіподақ мүшелеріне өз міндеттері жүктелді.

Жиналыстың соңында «Сұңқар» кәсіподағының Тарих, археология және этнология факультеті төрайымы Динара Каримова, География және табиғатты пайдалануфакультеті төрайымы Самал Кенжебекова мен Экономика және бизнес жоғары мектебінің төрайымы Айдана Сыдықова өздерінің өткен жылы өткізген іс-шаралары мен жұмыстарының нәтижесін баяндады.