БЕКІТЕМІН

әл-Фараби ат. ҚазҰУ Проректоры

__________ Джаманбалаева Ш.Е.

___ ________ 2011 ж.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ САЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІКТІ ДАМЫТУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

  1. Бағдарлама төлқұжаты

Бағдарлама атауы

2011-2020 жылдарға арналған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жастар саясаты саласында әлеуметтік серіктестікті дамыту бағдарламасы

Әзірлеу негіздемесі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының 2011 жылғы ____ қаулысы

Бағдарламаны әзірлеушілер

Тіл және тәрбие жұмысы жөнідегі проректор

Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту жөніндегі департамент

Мақсаты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелерді тиімді шешуге арналған студенттік өзін-өзі басқару органдарының университет әкімшілігі, қоғамдық және коммерциялық секторларымен ынтымақсатықтың өмірге бейімді дамытушы жүйесін құру

Міндеттері

- студенттерге ЖОО басқаруға белсенді қатысуға мүмкіндік беру;

- университет студенттері мен университет әкімшілігі, оқытушы-профессорлар құрамы арасындағы өзара байланысты орнату;

- студенттердің бастамалырна қолдау көрсетуді және жағдай жасауды нығайту;

- студенттік өзін-өзі басқару органдарының абыройы мен беделін көтеру;

- студенттік ұйымдар менеджментін жетілдіру;

- студенттік өзін-өзі басқаруды дамытудың мониторингін өткізу;

- патриоттық тәрбие және азаматтық белсенділікті қалыптастыру бойынша шараларды, жастардың әлеуметтік жауапкершілігі мен әлеуеттігін ояту механизмдерін жүзеге асыру;

2. Кіріспе

Қазіргі сәтте жоғары оқу орындарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – адамның рухани және адамгершілік әлеуетін жүзеге асыруға ерекше жағдай жасау. Университетті басқару жүйесіне ЖОО-ны басқарудағы жұмыстың нәтижесіне жауапкершілікпен қарайтын студенттік ұжымның кең құқығын қарастыратын ерекше механизмін енгізу бұл мәселені тиімді шешуге әсерін тигізеді.

ҚазҰУ-дың жастар саясаты саласында әлеуметтік серіктестік ұстанымдарын жүзеге асыру осындай механизмнің орнын басады. Әлеуметтік серіктестік – жауапкершілік пен қатысу үлесінің орындары нақты белгіленген, әбден анықталған және икемделген ынтымақтастық үлгісі.

Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты – Қазақстан қоғамының болашақ кәсіби және парасатты элитасы болатын студент жастардың әлеуметтік әлеуетін дамыту.

Әлеуметтік серіктестік жүйесі төмендегіде мүмкіндік береді:

- Студенттерге студенттік өмірдің бірқатар сұрақтарын шешуге жауапкершілік арту;

- студенттерді университеттің басқару, бақылау және бағалау қызметтеріне әлеуметтік серіктес ретінде тарту;

- қоғамның жаңа талаптарына жауапты болашақ мамандардың кәсіби және жеке құзіретін қалыптастыратын студенттік ұйымдардың рөлін күшейту.

Студенттерге университетті басқаруға белсенді қатысу мүмкіндіктерін беру мықты мотивациялық фактор болып табылады. Студенттік ұйымдардың қызметіне инновациялық сипат береді, жас азаматтың әлеуметтік әлеуетін сындарлы пайдалануға мүмкіндіктер береді. Екінші жағынан, шығармашылық бастаманы айқындау және ашудың ұтымды механизмін құру, оның тиімді ұйымдастыру шешімімен өзгеруі студенттік өмір мен жоғары оқу орнын басқаруды ұйымдастырудың тұрақты жүйесін құруға жағдай туғызады.

3. Жағдайды талдау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дамыған өзіндік ерекшелігі, міндеттері және дәстүрлері бар студенттік өзін-өзі басқару (СӨБ) жүйесі құрылған.

ҚазҰУ студенттік өзін-өзі басқарудың маңызды субъектілері:

  • · Жастар ұйымдарының комитеті
  • · Студентте сенаты (жалпыуниверситеттік студенттік мәжіліс пен факультеттің студенттік мәслихатын қамтиды);
  • · Студенттік «Сұңқар» кәсіподақ ұйымы;
  • · Жатақханадағы жоғары университеттік студенттер кеңесі;
  • · Құқықтық тәртіп отряды (ҚТО);
  • · Болон үдерісі бойынша студенттік бюро;
  • · Студенттік заң клиникасы;
  • · Студенттер құрылыс жасағының штабы (СҚЖ);
  • · Үш лиганың дебаттық қозғалысы (қазақ, орыс, ағылшын лигасы);
  • · Факультеттегі студенттік ұйымдар мен клубтар.

Бүгінде студенттік өзін-өзі басқарудың бұл органдары жоғары оқу орнын басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып және студенттік өмірді ұйымдастырудың маңызды қызметтерін жүзеге асыратын бірі бірімен өзара тығыз байланыстағы жұмыстарды атқарып отыр. Олардың жалпыуниверситеттік деңгейдегі қызметтерін жастар ұйымдарының комитеті үйлестіреді.

2010 жылы университет тарихында алғаш рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жастар саясаты тұжырымдамасы әзірленді және қабылданды. Оған жаңа негізгі ұстанымдар мен міндеттер енгізілді, оның ішінде:

ü Жобаларды әзірлеу мен жүзеге асыруда студенттердің қатысу бастамасының ұстанымы,

ü Жастармен жұмыс үлгісінің инновациялық ұстанымы,

ü студенттердің әр алуан мүдделері мен мүмкіндіктерін қамтитын түрлендіру ұстанымы,

ü ашық ақпараттық ұстанымы.

Студенттердің ойларын іске асыруда шынайы күшке айналған ҚазҰУ Жастар ұйымдарының комитеті өз қызметін айтарлықтай кеңейтті. Стденттік өзін-өзі басқару органдарының жұмыстарына қатыстатын студенттер саны жыл сайын артып келеді (1-суретті қараңыз).

Студенттік өзін-өзі басқару органының жұмысына ат салысқан студенттер саны



1-сурет

Студенттік өзін-өзі басқаруды тұрғылықты реформалау жүйесі 180-ге жуық студенттік ұйымдар, үйірмелер және клубтардың қызметін іске асырды. Жаңа студенттік қозғалыстар мен клубтар өзінің жұмысын бастады:

- «Жеті муза» қоғамы жанданды;

- «Студенттік көшбасшы мектебі» құрылды және белсенді жұмыс атқаруда;

- «SIFE» ҚазҰУ студенттердің интеллектуалды қозғалысы құрылды («Студенттер еркін кәсіпкерлікте»);

- Қазақстанда алғаш рет университет студенттерімен Болон үдерісі бойынша студенттік бюросы құрылды;

- университет студенттерінің Баспасөз-орталығының жұмысы ашылды;

- «Көмек» студенттік волонтерлар қызметі жұмыс істейді;

- алғаш рет стурденттердің «ҚазҰУ – Гринкампус» экологиялық қозғалысы құрылды.

Университеттің студенттік өзін-өзі басқару органдарын дамытуда бірқатар негізгі сипаттамаларды атап өтуге болады:

- әлеуметтік серіктестік ұстанымдарының негізінде студенттік өзін-өзі басқару органдары университеттің басқару органдарымен тығыз байланыс орнатуға белсендік танытуға тырысуда;

- олар университет өміріне және қалалық бірлестік шараларына жігерлікпен қатысуды сипаттайтын белсенді бастамаларды қолдаушылар;

- студенттік өзін-өзі басқару органдарының құрамына кірген студенттер қоғамдық өмірде айқындалған икемділік пен дағдыны игеруге, басқару мәдениетінің айқындалған деңгейіне көтерілуге тырысады, сондай-ақ дәстүр сабақтасығын қамтамасыз етеді;

- өзін-өзі басқарып отырған органдардың атынан студенттер үшін еркін таңдау жасауға жағдай жасалады, олар өзінің әлеуетін тәжірибеде пайдалану бағытындағы мүмкіндігі мен қабілетін өзі анықтайды;

- студенттік өзін-өзі басқару органдарымен ұсынылған бастамаларға студенттік орта белсенді түрде қолдау көрсетіп отыр.

Студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту үдерісіне талдау жасау оның қызметіндегі оң және теріс әсерін тигізетін бірқатар жағдайлар мен факторларды бөліп қарауға мүмкіндік берді (1-кестені қараңыз):

Студенттік өзін-өзі басқару қызметіне әсер ететін шарттары мен факторлары

Студенттік өзін-өзі басқару қызметіне дұрыс әсер беретін

шарттары мен факторлары

Студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға теріс әсер беретін

факторлар

- мақсаттылық және мақсатқа лайықтылық;

- өкілеттіліктің және қызмет саласының нақтылығы;

- студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары қызметінің заңдылығы;

- басқа да студенттік ұйымдармен ынтымақтастық;

- ұжымда жағымды психологиялық климат;

- қызметте дербестік;

- педагогикалық және студенттік ұжымдардың өзін-өзі басқарудың барлық түрімен ынтымақтастық.

- даму болашағын нақты анықтау;

- өзін-өзі басқару қызметін педагогикалық қамтамасыз ету;

- ұжымның дамуын тоқтататын себептерді білу;

- ұжымның жоғары шығармашылық әлеуеті;

- ынтымақтастық үдерісінде жауапты тәуелділік.

- артық қамқоршылық;

- педагогтар мен әкімшілік тарапынан өзін-өзі басқару күшіне және мүмкіншілігіне сенімсіздік және сенбеушілік;

- пассивті, кей кезде қарсылық көрсететін орындаушылар позициясы;

- топтық функциялардың қысымы;

- студенттік өзін-өзі басқару қызметіне «жалпы тәсіл»;

- педагогтар мен әкімшілік әрекеттерін өзін-өзі басқару қызметіне ауыстыру;

- дербес пікрілер мен әрекеттерге жағдайлардың жоқтығы;

- әдістемелік жұмыстың бірегей талаптарының толық жасалмауы

- жұмыс өздігінен жүруі, жүйесіз болуы.

Білім беру кеңістігін демократияландыру және студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту жолында әлеуметтік серіктестік ерекше орынды алады – университеттің студенттері мен әкімшілігі және оқытушы-профессорлар құрамы арасындағы өзара қатынасының белсенді әлеуметтік тәжірибесі. Сонымен қатар университет басшылығы белсенді студенттерді оқу-тәрбие үдерісін нақты ұйымдастырушы, студенттік өмірді белсендендіретін, студенттердің әкімшілікпен байланысын жетілдіру мақсатында серіктес ретінде қарастырады. Студенттердің белсенді серіктестік жүйесіне қатысуы жас буынның экономикалық, инновациялық, шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруға арналған білім беру, ҒЗЖ сабақтары, студенттердің әлеуметтік құқығын қорғау және оқудан тыс қызметтерді ұйымдастыруға қолайлы жағдайлар жасауды белсендендіру үдерістерінен құрылады.

4. Әлеуметтік серіктестіктің деңгейі, ұстанымдары және құрылымы

Жастар саясаты саласындағы әлеуметтік серіктестік жүйесін үш деңгейлі құрылым түрінде көруге болады

Әлеуметтік серіктестіктің деңгейі:

ü Университет деңгейі - әкімшілік; куратор-эдвайзерлер кеңесі; оқытушы-профессорлар құрамы, студенттік өзін-өзі басқару; студенттер

ü Аймақтық – аудандардың және Алматы қаласының әкімшіліктері; қалалық қоғамдық ұйымдар

ü Республикалық – ҚР Білім және ғылым министрлігі; республикалық қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер

Оқу орны деңгейіндегі әлеуметтік серіктестік қатынастар төмендегілерді болжайды:

1) Оқу үдерісінің барлық қатысушылары (университет басшылығы, ОПҚ және студенттер) қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау сапасына жалпы және өзара жауапкершілігін сезінуі

2) Стратегиялық және тактикалық жоспарлау аясында басқарудың үйлесімді ұстанымдар үлесінің өсуі

3) Бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру, бірігіп жасаған қызметтің қорытындыларын бөлуге қатысу.

Әлеуметтік серіктестіктің мүмкіншіліктері:

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының университет әкімшілігі және басқа да әлеуметтік субъектілермен өзара серіктестігінің негізгі ұстанымдары:

  • · серіктестік қызметті басқару үдерістерінде жастар субъктілігінің өсу ұстанымы;
  • · белсенді студенттерді басқару біліктілігі дәрежесі мен әлеуметтік басқару ауқымына қатысты және күрделі міндеттерінің ұстанымы;
  • · тұлға, университет, қоғам, мемлекеттің мүдделері балансын сақтауға көрсетілген, серіктестік қызмттің позитивті әлеуметтік бағыт ұстанымы;
  • · әкімшілік құрылымында қайталанбайтын басқару өкілдігінің кейбір функцияларын студенттік өзін-өзі басқаруға, негізделген бекітулер ұстанымы;
  • · серіктестер қызметінің ашық ақпараттық ұстанымы;
  • · ортақ қызмет барысында серіктестер қызметінің жүзеге асырылуын бақылауды оңтайландыру ұстанымы;
  • · университеттің әкімшілік жағынан студенттік өзін-өзі басқару қызметін дамытатын қолдау ұстанымы
  1. Әлеуметтік серіктестіктің құрылымы

Университетті басқару үдерісіне студенттік өзін-өзі басқаруды функционалды қосу, өзінің өкілдері арқылы университеттің және факультеттің әкімшілігімен белсенді өзара әрекетінен жүзеге асады

Әлеуметтік серіктестіктің мақсаттары мен даму жолдары

Мақсаттары

Кедергілер

Тәжірибелік жұмыстар

Өзін-өзі басқару қызметін орындауға студенттерді дайындау

Студенттік өзін-өзі басқару мәнін толық түсінбеу, оның қызметін регламенттейтін құжаттарды білмеу.

Басқару білімі, шеберлігі және дағдысының жоқтығы.

Студенттерге қажет білім, шеберлік және дағдыға үйрету.

Өзара әрекеттің бірегей талаптарын енгізу

Өзін-өзі басқару қызметінің негізгі методологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік ұстанымдарын бұзу, өзін-өзі басқарудың алқалық ұйымдарының қызметі авторитарлы және ауысымды болуы

Студенттік өзін-өзі басқарудың қамқорлық және тұтынушылық қатынасынан бас тарту

Студенттік өзін-өзі басқарудың маңыздылығы және қажеттілігі туралы қоғамдық ой қалыптастыру

Қоғамдық өзін-өзі басқаруға дайындауда студенттік өзн-өзі басқарудың әлеуметтік маңыздылығын бағаламау.

Ақпарттандыру мен өзін-өзі басқарудың әлсіз болуы.

Өзін-өзі басқарудың барлық ұйымдары қызметі мен функцияларының мазмұнын нақтылау

Тапсырмаларды тек оқытушылар мен әкімшілік бергенде орындау, таңдаған органдар өзінің қызметтерін, құқықтарын және міндеттерін білмеуі

Нақты жұмыстар негізінде студенттерді, ОПҚ және ЖОО әкімшілігін бірегей тәрбие ұжымына біріктіру

Қоғамдық ұйымдар және студенттік өзін-өзі басқару ынтымақтастығын нығайту

Параллелизм, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары қызметтерінің араласуы

Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының барлық түрлері арасында нақты өзара байланыс орнату

Қоғамдық тапсырмалар жүйесін нақтылау

Активтің барлық түрлерінің оқуын реттеу

Өзін-өзі басқарудың барлық түрлерінде ұжымдық, алқалық органдармен ынтымақтастықта оқиғалық, ситуациялық

Қоғамдық ұйымдар жұмысында, қоғамдық тапсырмалар жүйесінде формализм

Барлық студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары арасында әлсіз ынтымақтастық

«Студенттік өзін-өзі басқару – педагогикалық ұжым» жүйесінде қарым-қатынасты жетілдіру

ОПҚ-ның студенттік өзін-өзі басқарумен жұмысқа дайындығы деңгейінің төмен болуы.

Педагогтар мен студенттер арасында өзара қатынастың нақты салаларының болмауы, олардың арасындағы қарым-қатынас университет өмірінің демократизациясы талаптарына сәйкес болмауы

Ынтымақтастық, бірлестік, рухани, жәрдемдесу, талаптану әрекеттерін меңгеру

Әлеуметтік серіктестікті дамытудың мақсатты

индикаторлары мен көрсеткіштері

Индикатор

2011

2015

2020

1

Жастар саясаты және тәрбие саласында іс-шаралырады жүзеге асыруға белсенді қатысатын студенттер үлесі

30%

38%

55%

2

Студенттік және жастар ұйымдары қызметіне қатысатын студенттер үлесі

20%

25%

30%

3

Кеңес ұйымдары жұмысына қатысатын студенттер үлесі

- Ғылыми кеңес, ректорат

- әртүрлі комиссиялар

5-10 %

20 %

10-13 %

25 %

15-20 %

35 %

4

Өзін-өзі қаржыландыратын студенттік ұйымдар саны

2 %

5 %

10 %

5

Еріктілер жұмысына қатысатын студентер үлесі

2 %

5 %

10 %

6

Университет бөлімшелерінде тәжірибеден өткен студенттер саны

2 %

10 %

35 %

7

Жатақханаға қоныстану мәселелеріне СӨӨБ ұйымдарының қатысуы

50 %

75 %

100 %

Барлық деңгейдегі студенттік өзін-өзі басқару түрлерінің үйлесуі студенттердің мәселелерін шешу жолдарын және оңтайлы механизмдерін іздеуге, олардың бастамаларын тек білім беру мекемелері аясында ғана емес, олардан тыс дамытуға мүмкіндік туғызады, нығайған студенттік пікірлердің, студенттік бастамалардың рөлі мен маңызын көтереді.

ript>X-NONEript>

Әлеуметтік серіктестікті дамытудың мақсатты

индикаторлары мен көрсеткіштері

Индикатор

2011

2015

2020

1

Жастар саясаты және тәрбие саласында іс-шаралырады жүзеге асыруға белсенді қатысатын студенттер үлесі

30%

38%

55%

2

Студенттік және жастар ұйымдары қызметіне қатысатын студенттер үлесі

20%

25%

30%

3

Кеңес ұйымдары жұмысына қатысатын студенттер үлесі

- Ғылыми кеңес, ректорат

- әртүрлі комиссиялар

5-10 %

20 %

10-13 %

25 %

15-20 %

35 %

4

Өзін-өзі қаржыландыратын студенттік ұйымдар саны

2 %

5 %

10 %

5

Еріктілер жұмысына қатысатын студентер үлесі

2 %

5 %

10 %

6

Университет бөлімшелерінде тәжірибеден өткен студенттер саны

2 %

10 %

35 %

7

Жатақханаға қоныстану мәселелеріне СӨӨБ ұйымдарының қатысуы

50 %

75 %

100 %

Барлық деңгейдегі студенттік өзін-өзі басқару түрлерінің үйлесуі студенттердің мәселелерін шешу жолдарын және оңтайлы механизмдерін іздеуге, олардың бастамаларын тек білім беру мекемелері аясында ғана емес, олардан тыс дамытуға мүмкіндік туғызады, нығайған студенттік пікірлердің, студенттік бастамалардың рөлі мен маңызын көтереді.

ript>X-NONEript> MicrosoftInternetExplorer4