Қазақстанға қош келдіңіз !.

09.04.2021

Көрулер: 2079

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары онлайн форматтағы мүмкіндіктердің шектеулігіне қарамастан, шетелдік тыңдаушылардың қазақ және орыс тілдерін үйренуін насихаттауды мақсат еткен халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізуде. Осындай іс-шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті. Іс-шарада қазақ және орыс тілдерінен шетел тілдері бойынша кафедрасының оқытушылары өткізген Халықаралық Олимпиада қорытынды шығарылып, жеңімпаздар жарияланды. Сондай – ақ VІІІ Халықаралық Фараби оқуларының аясында өткен студенттер мен жас ғалымдардың ХХХVІ халықаралық ғылыми конференциясының белсенді қатысушылары атап өтілді. Іс-шара барысында шетелдік тыңдаушылар қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқып, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті. Студенттер орыс және қазақ тілдерін меңгерудегі өз жетістіктері туралы мақтанышпен айтып, өз оқытушыларына алғыс білдірді... Іс-шараға оқу ісі жөніндегі проректор А.К.Хикметов, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А.Б.Смаилова, тәрбие жұмысы департаментінің директоры Ж.Д.Есімова, маркетинг және рекрутинг орталығының директоры Л.Ф.Деловарова, корпоративтік БАҚ және жұртшылықпен байланыс басқармасының директоры Г.К.Баяндина, ҚХР-дың ҚР-дағы консулы Ми Гуй Сун, Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество Өкілдігінің басшысы А.А.Коропченко және басқа да ресми тұлғалар қатысты.