Жаңалықтар

ҚазҰУ-да жалпы адамзаттық құндылықтар мәселелеріне арналған кездесу өтеді

21.11.2014

2014 жылдың 22 қараша күні сағ. 13.30-да ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде (Ғылыми Кеңес залы) «Қоғам дамуының теориялық үрдістері, жалпы адамзаттық құндылықтар мәселелері» тақырыбында «Түркі әлемі» халықаралық газетінің бас редакторы, «Түркі әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, т.ғ.д., профессор Ахмет Доғдоран және «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы, ақын Аманхан Әлімұлымен кездесу өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу: қиындықтар және оларды шешу жолдары» атты республикалық дөңгелек үстел өтеді.

21.11.2014

2014 жылдың 27 қарашасында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық кафедрасы «Шетелдік студенттерді қазақстандық білім беру жүйесіне бейімдеу: қиындықтар және оларды шешу жолдары» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Ары қарай оқу >>

«Балаларға үміт сыйла» атты кездесу өтті

20.11.2014

2014 жылдың 19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары А.М Бегжан және Д.У. Байтукаева жетекшілігімен Бүкіләлемдік балалар күніне арналған Алматы облыстық №1 балалар үйінің жетім балаларымен «Балаларға үміт сыйла» атты 2 курс студенттердің кездесуі ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

«Жастардың қалауы – Жасыл университет» атты республикалық флеш-моб ұйымдастырылды

18.11.2014

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Энергоэкология» кафедрасы және Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Жастардың қалауы – Жасыл университет» атты республикалық флеш-моб өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да оқырмандар конференциясы өтті

18.11.2014

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубы әл-Фараби атындағы Ғылыми кітапхананың көпшілікпен жұмыс бөлімімен бірлесіп қалалық деңгейдегі оқырмандар конференциясын өткізді.

Ары қарай оқу >>

Экономика және бизнес жоғары мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауын талқылады

18.11.2014

Экономика және бизнес жоғары мектебінде дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың биылғы «Нұрлы жол – болашаққа жол» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Ары қарай оқу >>

«Театр – өмір айнасы» атты кездесу кеші өтті

18.11.2014

Жақында журналистика факультетінде белгілі актер Азамат Сатыбалды мен актриса Жастар сыйлығының лауреаты Асқарова Шынар Мұқанқызының қатысуымен «Театр – өмір айнасы» атты кездесу кеші өтті. Кешті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Жастардың білімге қолжетімдігін арттыру мәселесі Елбасының үнемі назарында - Б.Әрінова

17.11.2014

Болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы үшін заманауи әдістер мен технологияларды ендіру, білім беру жүйесін тұтастай инновацияландыру, жастардың білімге қолжетімділігін кеңейту сияқты мәселелерге жыл сайынғы Жолдауда арнайы көңіл бөлінуі жастар мәселесінің мемлекеттік деңгейде қарастырылатынын көрсете отырып, еліміздің білім беру жүйесіне де зор міндеттер жүктейді.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ-да Дін және қоғам: заманауи дискурс» атты кітаптың тұсаукесері өтеді

15.11.2014

18 қараша сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы (201- каб.) ғалымдар клубында дінтану және мәдениеттану кафедрасының философия ғылымының докторы, профессор Н.Ж. Байтенованың «Дін және қоғам: заманауи дискурс» атты кітабының тұсаукесері өткізіледі.

Ары қарай оқу >>