«Жастардың қалауы – Жасыл университет» атты республикалық флеш-моб ұйымдастырылды

18.11.2014

Көрулер: 3014

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Энергоэкология» кафедрасы және Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Жастардың қалауы – Жасыл университет» атты республикалық флеш-моб өтті.

Бұл шара «жасыл» кеңсе концепциясын дайындауға және Қазақстан Республикасының ЖОО-да экологиялық саясатты құруға бағытталған.

«Жасыл» экономикаға өту концепциясының бірінші кезеңінің аясында «Қазақстандағы оқу орындарында жасыл кеңсе принциптерін енгізу» жобасын бастады.

Экология мәселелері ҒЗИ