«Балаларға үміт сыйла» атты кездесу өтті

20.11.2014

Көрулер: 3202

2014 жылдың 19 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары А.М Бегжан және Д.У. Байтукаева жетекшілігімен Бүкіләлемдік балалар күніне арналған Алматы облыстық №1 балалар үйінің жетім балаларымен «Балаларға үміт сыйла» атты 2 курс студенттердің кездесуі ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты студенттерді жетім балаларға құрметпен және қамқорлықпен қарауға шақыру, оларға қайырымдылық шарасын өткізуде үлкен көмек көрсеткен студенттер мен кафедра оқытушыларымен жиналған көптеген сыйлықтар, мереке сыйлау болып табылады. Кездесу барысында әртүрлі ойындар ойнатылды. «Алматы облыстық №1 балалар үйінің» жетекшілігі қайырымдылық шарасын өткізгені үшін халықаралық құқық кафедрасына үлкен алғысын білдірді.