ҚазҰУ-да Дін және қоғам: заманауи дискурс» атты кітаптың тұсаукесері өтеді

15.11.2014

Көрулер: 2154

18 қараша сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасы (201- каб.) ғалымдар клубында дінтану және мәдениеттану кафедрасының философия ғылымының докторы, профессор Н.Ж. Байтенованың «Дін және қоғам: заманауи дискурс» атты кітабының тұсаукесері өткізіледі.

Оқу құралы мемлекеттік тілде шығарылған. Қазақстанда орын алып, кеңінен таралған дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің жалпы тарихы мен ілімі, Қазақстанда таралу аумағы мен өзіндік ерекшеліктері қарастырылған.

Басылым дінтанушыларға, бакалавр, магистратура студенттеріне, Ph.D докторларына, ұстаздарға және жалпы дін мәселесіне қызығушылық танытатын көпшілікке арналады.

"Қазақ университеті" баспа үйі