Жаңалықтар

«Алаш үміті» ІІ республикалық рухани жаңғыру фестивалі өтті

26.11.2018

2018 жылдың 23-26 қараша аралығында Түркістан қаласында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Республика және Халықаралық деңгейдегі мәдени-ағарту шараларын ұйымдастырушы ұйымдары «El innovation «Замануи мәдениет және өнерді, ғылымды дамыту» қоғамдық қоры және «Үркер» шығармашылық дамыту орталығы мен ҚР БҒМ Ғылым Комитетіне қарасты М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастыруымен «Алаш үміті» ІІ республикалық рухани жаңғыру фестивалі өтті.

Ары қарай оқу >>

"Жас мұрағатшы" клубының отырысы

24.11.2018

2018 жылдың 24 қараша күні  «Жас архивист»клубының кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде Елбасының «Ұлы Даланың 7 қыры»мақала-бағдарламасы талданды. Клуб мүшелері «АРХИВ – 2025» бағдарламасытөңірегінде пікір білдірді. Отырыста «Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамаменқамтамсыз ету» мамандығының 4-курс студенті Нұртай Әбдірасиловтың «ЦифрлықҚазақстан және оның маңызы» тақырыбындағы ғылыми баяндамасын тыңдады.Баяндамашыға сауалдар қойылды. Клуб мүшелері архив құжаттарын цифрлау жөніндегіойларын ортаға салды.Отырыстың өткізілуін клубтың ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор О.Х. Мұхатоваұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Конференция: «Ата – мұра, рухани жаңғыру кілті»

23.11.2018

«Documentum» клубы ұйымдастырып өткізген 21.11.2018 жылғы Egemen Qazaqstan газетінде жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен оқытушылар, студент жастардың үндесуіне арналған конференция. Оқытушылармен студенттердің осы мақала аясында елдік бірлігін, ұлттық  ата-мұра құндылықтарын ата-бабадан аманат болғандықтан,  осы ұрпақтың қорғап, бойына сіңіретін, келешекке қызқыш құстай жеткізуді және ұлттың қасиетінің рухни жаңғыруының айқын жолы екендігін ой-бөлісі арқылы жеткізу.  405 аудитория. Ұйымдастырушылар: т.ғ.к., доцент Нұрпейісова Б.Е. Қатысушылар  «Мұрағаттану, құжаттану және құжатпен қамту» мамандығының  оқытушылары, студенттері.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы 

 Нұрпеиісова Б.Е. 

 

Ары қарай оқу >>

«Бояулар жайқалатын бұл сұлу шақ» атты күзгі бал

23.11.2018

Тарих, археология және этнология факультетінде «Бояулар жайқалатын бұл сұлу шақ» атты күзгі бал өтті. Сайыста әр мамандықтан алты жұп қатысты. Бұл жұптардың ішінде жарқын образдарымен және ұшқыр ойларымен 3 орын алған «Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттері Даулетжанова Арайлым мен Маратов Рустам көзге түсті.

Ары қарай оқу >>

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талдау

23.11.2018

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы  мұрағаттану, құжаттану және құжаттамны басқаруды қамтамасыз ету мамандығының 4- курс студенттерімен  кураторлық сағатта талқыланады.

Ары қарай оқу >>

"Жас мұрағатшы" клубының отырысы

23.11.2018

2018 жылдың 23 қараша күні сағат 16-00-де 405- аудиторияда Елбасының «Ұлыдаланың жеті қыры» атты мақала бағдарламасы аясында «Ата – мұра, рухани жаңғырукілті» тақырыбында «Жас архивист» клубы мүшелері дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелекүстел басында студенттер қазақ халқының рухани құндылықтары бойынша өз пікірлерінортаға салды. Елбасының ұсынған ірі жобаларының арасындағы «АРХИВ – 2025»бағдарламасын жасау қажеттілігі және оның маңызы турасында сөз қозғалды. Студенттеротандық архивтердің мемлекеттің асыл мұрасын сақтаудағы рөлін баса көрсетті. Архивқұжаттарын пайдалану және насихаттау турасында бірқатар ұсыныстар айтылды.Дөңгелек үстелді т.ғ.д., профессор О.Х. Мұхатова және т.ғ.к., доцент Б.Е.Нұрпейісова ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«Ника» студентік ғылыми клубының кезекті мәжілісі

22.11.2018

Мәжіліс, клуб жоспарына сәйкес «Ірі эллинистік мемлекеттер. Эллинистік мемлекеттердің типтері» атты мәселені талдауға арналды. Клуб мүшелері – Батиханов Берік пен Узбехан Алуа аталмыш тақырыпта ғылыми баяндамалар жасады. Басқа студенттер баяндаманы қызу талқыға салып, сын-пікірлерін айтты. Мәжілістің соңында клуб жетекшісі т.ғ.к., доцент Қартабаева Е.Т. мәселеге байланысты қорытынды жасап, студенттердің ғылыми баяндамасының озық тұстары мен кемшіліктерін көрсетті. Сонымен бірге аталмыш тақырыпта презентация жасауға байланысты студенттерге кеңес берілді.

Ары қарай оқу >>

Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел

21.11.2018

«Археология және этнология» мамандығының 1 курс студенттерімен Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақаланы талқылау барысында студенттер бұл мақала бүгінгі күнге дейін жасалған археологиялық және басқа да салалардағы жұмыстарды мойындау және жастар үшін болшаққа серпін деп қорытынды жасады.

Ары қарай оқу >>

Ұлттық психология

21.11.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тариx арxеология және этнология факультетінің Қазақстан тариxы кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен  Әлімғазы Дәулетханмен кездесу үйымдастырылып, "Ұлттық психология" атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында дәстүрлі қазақи психологияның ғасырлар бойы көшіп қонып жүрген халықтың өзіне тән ерекшеліктері айқындалып, студенттер тарапынан баяндамалар қорғалды.

Ары қарай оқу >>