«Алаш үміті» ІІ республикалық рухани жаңғыру фестивалі өтті

26.11.2018

Көрулер: 3041

2018 жылдың 23-26 қараша аралығында Түркістан қаласында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Республика және Халықаралық деңгейдегі мәдени-ағарту шараларын ұйымдастырушы ұйымдары «El innovation «Замануи мәдениет және өнерді, ғылымды дамыту» қоғамдық қоры және «Үркер» шығармашылық дамыту орталығы мен ҚР БҒМ Ғылым Комитетіне қарасты М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ұйымдастыруымен «Алаш үміті» ІІ республикалық рухани жаңғыру фестивалі өтті. Университет тарапынан қатысқан Тарих, археология және этнология факультетінің Тарих мамандығының 2 курс студенттері жеңімпаз атанды. Әбеу Бағлан Мұхамбетқалиұлы Бас жүлде иеленсе, Әбілдос Рамазан Әбілдосұлы Бірінші орын иеленді.

Тарих, археология және этнология факультеті