"Жас мұрағатшы" клубының отырысы

23-қар-18

Көрулер: 1659

2018 жылдың 23 қараша күні сағат 16-00-де 405- аудиторияда Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала бағдарламасы аясында «Ата – мұра, рухани жаңғырукілті» тақырыбында «Жас архивист» клубы мүшелері дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелекүстел басында студенттер қазақ халқының рухани құндылықтары бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Елбасының ұсынған ірі жобаларының арасындағы «АРХИВ – 2025»бағдарламасын жасау қажеттілігі және оның маңызы турасында сөз қозғалды. Студенттеротандық архивтердің мемлекеттің асыл мұрасын сақтаудағы рөлін баса көрсетті. Архивқұжаттарын пайдалану және насихаттау турасында бірқатар ұсыныстар айтылды. Дөңгелек үстелді т.ғ.д., профессор О.Х. Мұхатова және т.ғ.к., доцент Б.Е.Нұрпейісова ұйымдастырды.

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы.