«Ника» студентік ғылыми клубының кезекті мәжілісі

22.11.2018

Көрулер: 2123

Мәжіліс, клуб жоспарына сәйкес «Ірі эллинистік мемлекеттер. Эллинистік мемлекеттердің типтері» атты мәселені талдауға арналды. Клуб мүшелері – Батиханов Берік пен Узбехан Алуа аталмыш тақырыпта ғылыми баяндамалар жасады. Басқа студенттер баяндаманы қызу талқыға салып, сын-пікірлерін айтты. Мәжілістің соңында клуб жетекшісі т.ғ.к., доцент Қартабаева Е.Т. мәселеге байланысты қорытынды жасап, студенттердің ғылыми баяндамасының озық тұстары мен кемшіліктерін көрсетті. Сонымен бірге аталмыш тақырыпта презентация жасауға байланысты студенттерге кеңес берілді.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы - Қартабаева Е.Т.