Жаңалықтар

«ФАРАБИ ӘЛЕМІ» АТТЫ СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

06.04.2023

2023 жылдың 6-8 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультетінде "Фараби әлемі" студенттер мен жас ғалымдардың кезекті халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері» секциясында жалпы 90 тезис қабылданды. Оның ішінде басқа университеттерінен келген тезис саны – 20, соның ішінде отандық – 17, ТМД мемлекеттерінен 3 тезис. 1 тезис - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Нархоз университеті (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Қазақ-Ресей медициналық университеті (Алматы, Қазақстан); 2 тезис - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Өскемен, Қазақстан); 1 тезис - Өсімдіктер Биологиясы және Биотехнологиясы институты (Алматы, Қазақстан); 6 тезис - Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Ботаника және фитоинтродукция институты (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - Генетика және физиология институты (Алматы, Қазақстан); 2 тезис - Өзбекістан Республикасы Ғылым академиясы, Ботаника институты (Ташкент, Өзбекістан); 1 тезис - Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент, Өзбекістан); 1 тезис - Халықаралық Бизнес академия колледжі (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - №82 жалпы білім беру мектебі (Алматы, Қазақстан); 1 тезис - №203 жалпы білім беру мектебі (Алматы, Қазақстан), ал қалған 70 тезис әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінен қабылданды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

 

Ары қарай оқу >>

Наурыз мерекесі

23.03.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Наурыз мерекесі тойланып өтті. Биотехнология кафедрасы 1 курс  22-05 тобының шетелдік студенттері де наурыз мерекесіне қатысты. Олар өздерінің ұлттық киімдерімен келді.

Мысалы, А.Сукрон – индонезиялық, А.М.Рахими – ауғанстандық, А.А.Ханзада – пакистандық, М.С.Абубакар – нигериялық ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін көрсетті.

Олар наурыз көжеден, қазақтың ұлттық тағамдарыныан дәм татып, ризашылықтарын білдірді.

Наурыз мерекесі қызықты өтті және студенттер ерекше әсер алды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды.

21.03.2023

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі «Жаңа Қазақстан: ұлтты ұйыстыратын құндылықтар» атты мерекелік бағдарламасы бойынша өткізілді. Бұл мерекеге белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, факультет ардагерлері, ҚазҰУ оқытушылары және студенттері қатысты. Осы 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін жаңаша форматта өткізді. Ерекшеліктерге келетін болсақ: осы жылы келген қонақтар тек қана той тойлап, қарын тойғызып қана қоймай әртүрлі құндылықтарды дәріптеп ұлттық ойындар мен бірінен бірі өткен көрмелер ұйымдастырды. Сол көрмелер ішінде Биология және Биотехнология факультеті де кішігірім өз көрмесін ұсынды. Биологтар киіз үйінің алдына түрлі түсті бөлме гүлдері қойылды және екінші жағына Биология факультетінің мақтанышы Биология муражайынан алып келінген жануарлар тұлыптары қойылып, бүркітші мен бүркіт алып келінді. Біздің кішігірім көрмеміз келген қонақтарды қуантты. Факультетіміздің өнерлі студенттері ұлттық аспаптарда ойнап күй тартып, ән салды. Ал, Иран, Үндістан, Пәкістан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты алыс-жақын шетелдерден келген студенттіріміз өз өнерлерін ортаға салып кезек кезек би билеп ортаны қыздырды. Қазақ елі наурыз мерекесі құтты болсын. Еліміз аман жұртымыз тыныш, бейбітшілік заман болсын.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының

аға оқытушысы Джумаханова Г.Б.

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Киім пірі – кимешек

17.03.2023

Биотехнология кафедрасының 4 курс студенттері «ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ» апталығында «Киім – пірі кимешек атты» іс-шара өткізді. Кимешек –қазақ әйелдерінің әдемілігін арттырып, ажарын ашатын киелі бас киімі. Оның түрлері тігілуі мен әшекейіне қарай аймақтық рулық ерекшеліктерге ие, сан алуан сипатта кездеседі. Кимешектің әшекейі мен әдемілігі жас ерекшелігіне қарай парықталып тұрады. Мәселен, әр жастағы әйелдер кимешегінің ою — кестесі жеңіл, тым жылтырақ болмайды. Ал, жасырақ әйелдердің кимешегі қызылды — жасылды, барынша сәнді етіп әшекейленеді. Киелі кимешекті қалай болса солай кез келген уақытта кие салмайды. Оны кюге қатысты өзіндік жол — жорлар бар. Әдетте кимешек ақ матадаң немесе ақ жібектен молдау пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жаурынын жауып тұрады. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс-жайын, тіпті жүріс-тұрысына дейін анық ажыратып алуға болады екен. Апаларымыздың ұқыптылығы мен салақтығы да кимешегінен көрінетін. Кимешектің түрі мен тарихи тұрпаты сан-алуан. Олар көбіне рулық-тайпалық өмір ерекшеліктеріне байланысты.

Ары қарай оқу >>

«ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ» апталығы

16.03.2023

Ұлттық киімді ұлықтау

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аясында ұлттық киімді дәріптеу мен ұлықтау мақсатында ҚазҰУ биотехнология кафедрасының қызметкерлері мен студенттері «Ұлттық киімді ұлықтайық» апталығын атап өтті. Азаматқа айбат, қызға көрік беретін ұлттық киімдерді барша халық кисе, жарасып-ақ кетер еді. Біз өз ұлттық киімімізді өзіміз дәріптеу арқылы салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, рухани құндылықтарымызды әрқашан ұлықтап жүрейік. Наурыз құт - береке әкелсін! Ақ мол болсын!

Ары қарай оқу >>

"Халық мәдениеті және қазақтардың халық костюмдері " тақырыбындағы кураторлық сағат

13.03.2023

2023 жылғы 13 наурыз сағат 14.00-де 415 ауд. Биология және биотехнология факультетінің Биотехнология кафедрасының "6В070103 - Биотехнология" мамандығының БТ20-02 тобының 3 курс студенттері "Халық мәдениеті және қазақтардың халық костюмдері " тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Қазақтардың ұлттық киімдерінің шығу тарихын зерделеу, қазақ мәдениеті мен тарихына қызықтыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу

Студенттер қазақ қоғамының дамуының әлеуметтік, материалдық, техникалық деңгейінің барлық аспектілерінің көрнекі проекциясы ретінде әртүрлі кезеңдердегі қазақтардың ұлттық киімдерінің шығу тарихына арналған презентация дайындады.

Ары қарай оқу >>

Шэньчжэнь университетінің Іргелі медицина ғылымдары мектебінің өкілдерімен кездесу

09.03.2023

 

 

Құрметті оқытушылар, студенттер, жас ғалымдар!!!

Биотехнологиялар Ұлттық инженерлік зерттеу орталығының директоры Шэньчжэнь университетінің Іргелі медицина ғылымдары мектебінің деканы, профессорымен 2023 жылы 10 наурызда сағат 15.00-де кездесу өтеді.

 

Xinzhi Xu, PhD

Профессор 

Шэньчжэнь университетінің Іргелі медицина мектебі 

Шэньчжэнь, Қытай

Электронды пошта: ruoranli@szu.edu.cn

 

 

Баохуа Лю (Baohua Liu), PhD 

 

Профессор 

Шэньчжэнь университетінің Іргелі медицина мектебі 

Шэньчжэнь, Қытай 

Электронды пошта: ppliew@szu.edu.cn 

 

 

Кездесудің күн тәртібі:

1. Танысу

2. Профессор Синчжи Сюй Шэньчжэнь университеті мен Шэньчжэнь университетінің медицина мектебінің презентациясы

3. Университет өкілдеріне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таныстыру

4. Ағымдағы студент алмасу және ынтымақтастықтың қосымша мүмкіндіктерін талқылау, атап айтқанда

• Бакалавриат студенттерінің соңғы оқу жылы (Шэньчжэнь университетінде кемінде 3 ай және 1 жылға дейін дипломдық жұмыс)

• Бакалавриат және магистранттарға арналған жазғы мектеп (оқудың соңғы семестрі), басталу күні – 2023 жылдың шілдесі.

• Жас оқытушылар алмасуы: Visiting Scholar бағдарламасы (кем дегенде 6 ай және 2 жылға дейін)

All interested persons are requested to join the online lecture at the link: Personal Meeting ID: 495 170 9600 https://us06web.zoom.us/j/4951709600?pwd=Y0FLVHlBVDVXVWZ6cFVsYjZ0M2VpZz09

Координаторлар:

1. Аима Адылова, MSc, PhD, Da Vinci Editing негізін қалаушы және бас директоры

электронды пошта: ima_gem@hotmail.co.uk, ima@davinciediting.com

моб./WhatsApp +7 775 106 96 29

сайт: www.davinciediting.org;

2. Гульнара Капанова, м.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі.

электронды пошта: g.kapanova777@gmail.com; Gulnara.Kapanova@kaznu.edu.kz

моб./WhatsApp +7 7772210090

 

3. Аида Кистаубаева, б.ғ.к., доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының меңгерушісі электронды пошта: Aida.Kistaubaeva@kaznu.edu.kz

моб./WhatsApp +7 7772420929

сайт: www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

05.03.2023

Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрліліктер және биоресурстар кафедрасының Геоботаника мамандығының 3-курс докторанттары  5-наурыз күні  көктем мерекесіне және 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған онлайн тәрбиелік іс-шара өткізді. Тәрбие сағаты «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деген атпен аяулы аналарымыз, асыл әжелерімізге, ару қыздарымызға арналды. Бұл іс шара бүгінгі күні қазақ қыздарының тәрбиесін, заман талабындағы қазақ қызы қандай болу керек, қыздардың шаш күтімі, бет күтімі тақырыптарын қозғады. Басты көңіл қазақ қызының тәрбиесіне берілді.

     Іс-шараға факультет әдіскерлері, кафедраның оқытушылары, педагогика кафедрасының оқытушылары, докторанттар және де студенттер қатысты. Іс-шара барысында қазіргі таңдағы заманауи қазақ қызы қандай болу керек сұрақтар қарастырылды. Сонымен қатар, отбасында аяулы жар, ардақты аналардың мансап жолы да мысалға алынып, көрсетілді. Тәрбиелік іс- шара өте жоғары дәрежеде өткізілді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

"8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ"

02.03.2023

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері және оқытушылары! 

Сіздерді наурыз айының 3-жұлдызында Биология және биотехнология факультетінің Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының  оқытушылары Қожахметова А.Н.,  Уршеева Б.И., Қайрат Б.Қ. және 1 курс «7M01504-Биология» магистранттар тарапынан ұйымдастырылып жатқан «Күн Нұрына теңейміз, әйел затын!» атты мерекелік іс-шараға шақырамыз. 

Өтетін күні:  03.03.2023 ж. 

Уақыты: 11:00

Аудитория: Биология және биотехнология факультеті 519 кабинет


Ары қарай оқу >>