SIU жобасы

 

  I 

  Қараша 2017.

 

  SIU туралы жалпы ақпарат

  SIU - Норвегияның білім беруді интернационалдандыру бағытында қызмет атқаратын сараптамалық ұлттық орталығы. SIU саяси құралдардың кең ауқымын пайдалану және дамыту үшін жауап береді, ал SIU - дің бірегей позициясы синергияны пайдалана отырып әр түрлі мақсатты бағыттар, бағдарламалар мен шаралар арасындағы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Интернационалдандыруға үнемі назар аудару Норвегиялық білім беру сапасын арттыруда үлкен орын алады.

 2017 жылдың 27 қарашасынан бастап 2017 жылдың 29 қарашасы аралығында Еуразиялық жобаның аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - тінің биология және биотехнология факультетінде халықаралық семинар өтті. Семинардың мақсаты - Норвегия, Армения Республикасы, Грузия Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Қырғыз Республикасы серіктестерімен бірге болашақ «Extending the Eurasia Network for Higher Education in Microbiology» білім беру жобасын әзірлеу болды.

  

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен халықаралық семинарға қатысушылар

 

  II 

  Тамыз 2018.

  2018 жылы биология және биотехнология факультетінің ұжымы «Network for research-based higher education in microbial biotechnology» атты жобасын жеңіп алды.

Жобаның мақсаты - «Микробиологиялық биотехнология» курсын жаңғырту. 

Жобаны қаржыландыру көзі «Норвегиядағы білім берудегі халықаралық ынтымақтастық орталығы» (SIU)

 

   Серіктестер жәйлі ақпарат

  Бұл жобаға қатысушылар - білім беру және ғылыми-зерттеу институттары, мұғалімдері, ғылыми қызметкерлері, студенттер, білім беру, зерттеу және интернационалдандыруға қатысатын басқа да қызметкерлер.

 

  Норвегиядағы негізгі серіктестік мекеме

Берген университеті (NO-UiB)

  Норвегиядан тыс негізгі серіктестік мекеме

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

  Жергілікті серіктестер тізімі

Ереван мемлекеттік университеті

Тәжік мемлекеттік ұлттық университеті

Эливаның бактериофагтар, микробиология және вирусология институты

Қырғыз ұлттық университеті

Қырғызстан - Түркия «Манас» университеті 

 

   Күтілетін нәтиже

  Бұл жоба Орталық Азия / Еуразия аймағындағы микробтық биотехнологиядағы білім беру бағдарламаларын күшейтуге бағытталған. Ең маңызды міндеттердін бірі - Қазақстанда жаңа «Микробиологиялық биотехнология» зертханалық курсын (5 ECTS) әзірлеу. Бұдан басқа мақсаттарға зертханалық базаны жаңарту, жаңа оқу материалдарын жетілдіріп, дайындау және магистратура мен PhD докторанттарын халықаралық ортада оқыту.

 

 

  III

  Тамыз 2018.

  Серіктестердің Қырғызстанда кездесуі (Бішкек және Ыстықкөл)

  Қырғызстанда 2018 жылдың 29-31 тамыз күндер аралығында 6 елден серіктес-қатысушылармен бастапқы кездесу өтті.

  Бастама кездесудің мақсаты - жобаны іске асырудын жолдарын талқылау болды. Жоба шеңберінде студенттер мен мұғалімдердің ұтқырлығына арналған жоспарлар, сондай-ақ микробиологиялық биотехнология курсын жаңғырту жолдары талқыланды.

     

  

Серіктестердің Қырғызстанда кездесуі