Жаңалықтар

First Day of Women’s History

01.03.2023

2023 жылдың 1 наурызында Халықаралық әйелдер күніне арналған ағылшын тілі клубының ашық іс-шарасы өтті (ұйымдастырушылар: Ловинская А.В., Жусупова А.И., Сербаева А.Д.). «Әйелдер тарихының алғашқы күні» шарасы аясында журналист, құқық қорғаушы, «Еркіндік қанаты» ҚҚ жоба жетекшісі Дана Бұралқиевамен онлайн кездесу өтті. Жиын барысында әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудің негізгі кезеңдері, әйелдердің білім мен қоғамдағы ықпалының артуына ықпал ететін факторлар сияқты мәселелер қозғалды.

Ары қарай оқу >>

Абай Құнанбаевтың 178 жылдығына арналған тәрбиелік іс-шара: «Абай есімі мәңгі өшпес!»

26.02.2023

Биоалуантүрлілік және биоресурстар, сонымен қатар биофизика және биомедицина кафедрасының биология және биотехнология факультетінің бірінші курс студенттері қазақ ақыны, ойшылы, композитор, ағартушы, қоғам қайраткері және қазақ жазба әдебиетінің негізін салушының Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Microsoft Teams платформасында білім беру іс-шарасын өткізді. 
   Оқу іс-шарасының тақырыбын таңдау студенттерді қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі, ағартушылық негізінде орыс және еуропалық мәдениетке жақындау рухындағы мәдени реформатордың өмірімен және барлық қырларымен студенттерді таныстыру қажеттілігімен анықталады. 
   Іс-шараға 50-ден астам студенттер мен оқытушылар қатысты. Докторанттардан басқа 1-2 курс студенттері де белсенді қатысты. Іс-шарада Абай туралы фильм және презентация көрсетіліп, әндер орындалды, қазақ және ағылшын тілдерінде нақыл сөздер айтылып, қазақ даласындағы ұлы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы викторина өткізілді, онда дұрыс жауап берген оқушылар- тыңдаушылар шағын сыйлыққа ие болды.
 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz 

 

Ары қарай оқу >>

«Ашық есік күні»

24.02.2023

2023 жылы ақпан айының 24 күні «Биология және биотехнология» факультетінің оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен оқушыларға кәсіби бағыт бағдар беруге арналған офлайн және онлайн форматта өткен «Ашық есік күні» өткізілді. Ашық есік күніне 10 мектептен 55 оқушы мұғалімдерімен келіп офлайн, 5 мектептен 30 оқушы қатысып кәсіби бағыт бағдар алып, университетіміз жайлы көптеген ақпараттармен танысып, факультетіміздегі мамандықтар бойынша білімдерін кеңейтті. Көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының кәсіби бағыт бағдар жұмыстарына жауапты, аға оқытушысы Джумаханова Г.Б.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Биотехнология кафедрасының оқытушылары және студенттері М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында

24.02.2023

23.02.2023 ж. биотехнология кафедрасының оқытушылары және студенттері М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында қойылған «Ай мен Айша» драмасын тамашалап қайтты.

Спектакль жазушы Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі бойынша Еркін Жуасбек жазған драма бойынша қойылды.

Сонау сұрапыл соғыс жылдары майданның барлық ауыртпалығын елде бастан кешкен ауыл адамдары, соның ішінде – «халық жауы» атанып, айдауда дүние кешкен отағасының аманаты – үш балапанын қалайда аман-есен жетілдіруді мақсат еткен Айшаның отбасы бейнеленеді. Алапат соғыс, ел ішінде де аштық, шарасыздық. Жау жағадан алғанда соғыстан бой бұғып қалған қорқаулар етектен тартқылап, осы аласапыранда қарлығашша шырылдаған Айша жанталасып, тіршілік үшін күресуде. Бұл – жалғыз Айшаның тағдыры емес, ел тағдыры. Елдің өшпес өршіл рухы бұл жолы да жасампаз. Спектакль – жеңіс үшін, өмір-тіршіліктің жалғасы үшін тылда жан аямай еңбек еткен барлық Ана мен баланың, кейуаналар мен ақсақалды аталардың ерен ерлігіне тағзым.

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

24.02.2023

2023 жылдың 24 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD-докторанты Амалова Ақерке Ықыласқызының философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ диссертациялық кеңесінде «Екі ата-аналық карталанатын популяцияны пайдалану негізінде жұмсақ бидайдың өнімділік компоненттері мен дән сапасының сандық белгілер локустарын анықтау» тақырыбында диссертациялық жұмысы «6D060700 – Биология» мамандығы бойынша қорғалды.

Fылыми кенесшілер:

1.Туруспеков Ерлан Кенесбекович – профессор, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Казақстан);

2.Саймон Гриффитс – PhD, дәнді дақылдар генетикасы бөлімінің жоба жетекшісі, Джон Иннес орталығы (Норвич қ., Ұлыбритания).

Диссертациялық жұмыс заманауи әдістемелерді пайдалану арқылы жоғары деңгейде орындалды. Диссертациялық кеңес философия докторы (PhD) дәрежесін беруге бірауыздан дауыс берді. Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы А.Ы. Амалованы және ғылыми жетекшілерін құттықтап, толағай шығармашылық табыстар тілейді.

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Факультет ғалымы аудан мектептерінің биология және химия пәндері мұғалімдерінің семинарында дәріс оқыды

20.02.2023

Түркістан облысының Түлкібас ауданы білім беру департаментінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 ақпанында осы ауданның Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде аудан мектептерінің биология және химия пәндері мұғалімдерінің семинары өтті. Семинардың жұмысына аудандық білім беру департаментінің бас әдіскері Амангельдиев Ерғазы мен семинарға арнайы шақырылған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің белгілі ғалым-педагогы Әділ Ережепұлы Ережепов қатысты. Семинарда аталмыш пәндер бойынша ашық сабақтар өткізіліп, оның нәтижелері талқыланды. Жұмыс барысында, оқытушылардың қалауы бойынша, Ә.Ережепов «Тыныс алу. Жасушадағы энергия түзілуінің механизмдері» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. 10 және 11 класс оқушылары химия және биология бойынша бірнеше тәжірибелер жасап, өздерінің ғылымға деген қызығушылықтарын көрсете білді. Тәжірибелер жоғары деңгейде орындалып, семинарға қатысушылардың көңілінен шықты.  

Мектепте Ә.Ережепұлының ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылып, автор оқушылар мен оқытушыларды өзінің еңбектерімен таныстырды. Бірнеше оқулығын салтанатты түрде мектеп кітапханасына тапсырды. Сонымен бірге семинарға қатысушылар қазіргі білім мен ғылым салаларының жағдайлары, мектептегі биология және химия пәндері бойынша жүргізілетін практикалық сабақтардың сапасы мен жабдықталуы төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Аудандық білім бөлімінің бас әдіскері ұстаздардың біліктілігін арттырудағы бұл семинардың нәтижесі мен маңызын жоғары бағалады.

Ары қарай оқу >>

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті

17.02.2023

2023 жылдың 16 ақпаны күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биотехнология кафедарасының доценті, Әділ Ережеповтің Түркістан облысының Түлкібас ауданы, Абай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесуі өтті. Ә.Ережепов осы мектептің түлегі. Оқушылардың өтініші бойынша Ә.Ережепов мектепке арналған биология оқулығындағы мәліметтерді толықтыра отырып, «Ақуыздар, химиялық құрамы мен құрылысы» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

Кездесуде оқушылар Қазақ ұлттық университетінің факультеттері мен мамандықтары жайлы толық мәліметтер беру туралы ұсыныс жасады. Осыған орай оқушыларға университет жайлы толық мәлімет беріліп, университеттің буклеттері мен биология және биотехнология факультетінің факультет туралы бейне түсірілімі тапсырылды.

Кездесу соңында мектеп әкімшілігі Ә.Ережепұлына рахмет айта отырып, салтанатты түрде мектеп ұжымының атынан Алғыс хатпен марапаттады.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ ПРОФЕССОР МУРЗАХМЕТОВА МАЙРА КАБДРАУШҚЫЗЫҢ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

17.02.2023

Қазақ Ұлттық университеті биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Мурзахметова Майра Кабдраушқызын 75 жылдық мерейтойымен құттықтайды.

Майра Қабдраушқызы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін үздікпен бітірді. Өзінің қызмет жолын АММУ-нің қалыпты физиология кафедрасында аға лаборанттықтан бастап, Генетика және физиология институтында ұзақ жылдар бойы аға лаборанттықтан  лаборатория меңгерушісі лауазымына дейін қызмет атқарған болатын. Мембрана физиологиясы және биохимиясы саласында жетекші маман болып табылады. 2015 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының профессоры болып жұмыс атқарып келеді.

Майра Қабдраушқызы өзін сауаты жоғары және талабы зор, күрделі заманауи биохимиялық және физиологиялық зерттеу әдістерін бірдей жақсы меңгерген ғалым ретінде көрсетті. Оның ұйымдастырылуымен жасалатын ғылыми зерттеу жұмыстары ерекше: организмге стрестік факторлардың әсері кезінде клетка мембраналарының құрылымдық-функционалдық өзгерістерінің механизмдерін анықтауға  арналған. Сонымен, Мурзахметова М.Қ. басшылығымен жергілікті өсімдік текті шикізаттан бөлініп алынған табиғи биологиялық белсенді қосылыстарды сараптау бағытында зерттеу жұмыстары жасалып отыр. Скринингті зерттеулердің нәтижесінде гепатопротекторлы қасиеті бар өсімдік композициясы жасалынды және де бұл бағыттағы ізденістер жалғасуда.

Қыргызстан Республикасы тау-кен физиология институты кезіндегі денсаулық сақтау министрлігінің И.К.Ахунбаев атындағы ҚҰМА Д.03.16.533 диссертациялық кеңесінің мүшесі.

Факультет деңгейінде Майра Кабдраушевнаның 75 жылдық мерейтойы аталып өтті, соған орай «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» төс белгісімен және Парасат ұйымының Алғыс хатымен марапатталды

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы Майра Мурзахметованы мерейтойымен шын жүректен құттықтап, жаңа кәсіби белестер мен шығармашылық табыс тілейді. 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

17.02.2023

2023 жылдың ақпан айының 17-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты Шарахметов Саят Ермұханбетұлының «8D08401 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін үшін ұсынылған «Алакөл бассейніндегі балықтардың қауымдастығы және олардың популяцияларының жағдайы» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады. Бұл осы мамандық бойынша Республика аймағында қорғалған тұңғыш диссертация.

Қорғауға диссертациялық кеңестің 12 мүшелері, 2 ресми рецензент, отандық ғылыми жетекшісі биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Мамилов Надир Шамилевич және шетелдік ғылыми жетекшісі РҒА «И.Д. Папанин атындағы Ішкі суқоймалар биологиясы институтының» жетекші ғылыми қызметкері, б.ғ.к., Лёвин Борис Александрович (Борок, Ресей) қатысты. Қорғау сәтті өтті және диссертациялық кеңес құрамы диссертациялық жұмысты өте жоғары бағалап, Саят Ермұханбетұлы Шарахметовке бірауыздан философия докторы (PhD) дәрежесін беруге шешім қабылдады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының ұжымы С.Е. Шарахметовты және ғылыми жетекшілерін құттықтап, шығармашылық табыстар мен өркендеуді тілейді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>