Студенттік өмір

Магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өтуі

 Биылғы оқу жылы әлем үшін, еліміз үшін, университетіміз үшін әдеттегіден бөлек, ерекше өтіп жатқаны анық. Әлемдік пандемияға байланысты дағдарыс жағдайында магистранттардың шет елдік университеттерге шығуы, ғылыми тағылымдамадан өтуі де бір жылдан бері тоқтатылғаны белгілі.

Осынау әлемдік дағдарыс жағдайында факультет магистранттары онлайн және оффлайн аралас форматтарында Алматы қаласындағы ғана емес, еліміздің басқа да облыс, қалаларында орналасқан биотехнология, биология саласындағы Отандық ғылыми ұйымдардың базасында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Айта кету керек, бұған кафедралардың Отандық ғылыми ұйымдармен ұзақ жылдардан бері тығыз байланыстар орнатуы, алдын-ала келісім-шарттарға қол жеткізуі үлкен септігін тигізіп отырғаны анық.

 

Осы орайда факультет және кафедралардың басшылығы барлық ғылыми серіктес ұйымдарымызға алғысын білдіре отырып, арадағы ара-қатынасты ары қарай нығайтатынызға сенім білдіреді.


 

 

 

Нұрмахан Жандар Әлайдарұлы - «Биотехнология» мамандығының 4 курс студенті, «IELTS (International English Language Testing System)» емтиханын 25.02.2021 жылы Overall Band Score: 6.0 (B2 ‘Upper-Intermediate’) деңгейінде тапсырды, № 20KZ002538NUR005A – ғылыми жетекші Кайырманова Г.К.

 

 

 

22.01.2021

Назар аударыңыздар, құрметті студенттер!

 әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағы

"Оңай" қоғамдық көлік картасы 25 қаңтардан кейін беріледі.

✅ Дүйсенбі мен жұма күндері 13:00 -15:00 аралығында.
✅ Керемет 203, "Сұңқар" кабинетінен алып кете аласыздар.

 

11.11.2020 «Сыбайластық жемқорлық біз үшін емес» тақырыбында онлайн конференция өтті.

Платформа: Zoom Meeting

Ұйымдастырушы: ҚазҰУ

Шақырылған қонақ (спикер):

Ырза Тұрсынзадақызы - Қазақ қолөнерін жаңғырту, ата-бабадан қалған асыл мұраны сақтап қалу, ұлттық дүниеге көзқарас, ізбасар тәрбиелеу жөнінде қолөнерші, құрақшы, «Алтын сапа» сыйлығының иегері, Құрмет орденінің кавалері

Қайыржан Ахметбекулы Толкышев – Республикалық саналы ұрпак жоба кеңсесінің жетекшісі

Александар Иванович Бротинков Алматы адалдық алаңының жобалық кеңсесінің жетекшісі

Қатысушылар: ҚазҰУ студенттері мен эдвайзерлер (500)

 

Биология және биотехнология факультетінің оқытушылары мен студенттері университет пен аумақ бойынша өткізілетін әлеуметтік тәрбиелік іс-шараларға жоспарларға сәйкес белсене қатысады. Эдвайзерлер академиялық топтардың кураторлары ретінде университет, факультет пен кафедраның әлеуметтік-тәрбие жоспарларына сәйкес жұмыс атқарады.