Факультет тарихы

1934 жылы Қазақ Мемлекеттік университеті алғашқы студенттерді қабылдап, өздерінің қалыптасу, даму және гүлдену жолын абыроймен жүріп өтті. Биология және биотехнология факультеті әрқашан педагогикалық, ғылыми және әдістемелік жұмыстарда белсенділік, жасампаздық танытып, уақыт тынысын жіті қадағалап, әлемдегі ғылым мен білімнің даму деңгейімен қатар, білікті де белсенді мамандар даярлап келеді.

Биология және биотехнология факультетінің тарихы университеттің даму тарихымен біте қайнасқан. Біз әртүрлі кезеңдерде университетті басқарып, оның келешек даму бағытын бағдарлап, Қазақстан университеттерінің ішінде беделі жоғары болуын межелеп отырған ректорлар мен әкімшілік аппаратының барлық буындарын үлкен ілтипатпен еске аламыз.

Бұл күндері биология және биотехнология факультеті  жоғары білікті мамандар даярлау орталығы. Қазіргі заманғы биологияның көптеген саласы бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін республикадағы алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтардың біріне айналды. Факультет құрамында: 4 кафедра (биотехнология; биоалуантүрлік және биоресурстар; биофизика, биомедицина және нейроғылымдар; молекулалық биология және генетика), 2 ғылыми-зерттеу институты (Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ, Экология мәселелері ҒЗИ) жұмыс істейді. Факультеттің маңызды бөлімшелерінің бірі – биолог мамандар даярлауға, ғылыми-ағартушылық және кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсене ат салысып жүрген факультеттің Биологиялық мұражайы.

Факультетте 1300-ден астам студент пен магистрант білім алуда. Білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын 6 ҚР ҰҒА академигі, 30 ғылым докторы және 85-ке жуық биология ғылымдарының кандидаты атқарады. Солардың қатарында: ҚР ҰҒА академиктері М.Х. Шигаева және Х.Д. Дүйсембин, биология ғылымдарының докторлары: Н.М. Мұхитдинов, А.Б. Биғалиев, А.А. Жұбанова, С.Т. Нұртазин, Қ.Ә. Сапаров, Т.М. Шалахметова, Б.Қ. Заядан, З.Ғ. Айташева, Т.Ж. Мұқашева, В.М. Инюшин, С.Г. Нестерова, А.Т. Иващенко, К.Қ. Шүлембаева,, С.Т. Төлеуханов, Г.В. Николаев, Т.А.Карпенюк, С.Ж. Колумбаева, А.Қ.Бисенбаев бар. Олармен бірге студенттерге білім беруге Ұлттық Ғылым Академиясына қарасты институттардың ірі ғалымдары мен жетекші мамандары да ат салысуда. Академиялық институттармен тығыз байланыс орнату, солардың негізінде кафедралардың бөлімшелерін ашу және білім беру барысында институттардың ғылыми әлеуеті мен құрал-жабдықтарын кеңінен пайдалану  ауқымды теориялық негізі бар, осы заманғы зерттеу әдістерін меңгерген және биология ғылымдарының неғұрлым өткір проблемаларын шеше алатын мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Құрылғалы бері факультет биология ғылымының саналуан салалары бойынша 12 мыңнан астам маман даярлады. Олар ғылыми-зерттеу мекемелерінде, өндірісте, республикамыз бен алыс-жақын шет елдердің жоғары және орта білім беру жүйесінде қызмет істеп жүр.

Выпуск 1939 г Выпуск биофака 1959г
 

 

Іс жүзінде Республиканың биологиялық сипаттағы ғылыми-зерттеу мекемелерінің барлық қызметкерлері  биология факультетінің түлектері. Олардың бірқатары ғылыми-зерттеу институттарын, бөлімдер мен зертханаларды басқарады, жоғары оқу орындарында кафедра басшылары қызметтерін атқаруда. Факультет өзінің академиктері  И.О. Байтулин, М.Ә. Айтқожин, Е.В. Гвоздев, Б.А. Быков, И.Ә. Әбуғалиев, Т.М. Мәсенов, Ф.А. Полимбетова, Х.Д. Дүйсембин, Ж.У. Ақанов, М.К. Гильманов, КСРО ҒА корреспондент-мүшесі П.А.Лер сынды түлектерін мақтан тұтады.

  

 

ҰҒА академигі Майя Хажетдинқызы Шығаева, 1975-1985 жж факультет деканы

  

 

Факультеттің дамуына және жоғары білікті биолог мамандарды дайындауда факультет декандары: ҚР ҰҒА академиктері И.О. Байтулин, М.Х. Шигаева және Р.И. Берсімбаев үлкен үлестерін қосты.

 

ҰҒА академигі Иса Омарұлы Байтулин, 1966-1975жж факультет деканы

 

Университет студенттері, 1935ж Студенттер оқу-далалық практикада, 1938ж Профессор Б.А. Домбровский және морфолог шәкірттерімен, 1965ж
Академик Масенов Т.М. аспиранттары мен  электронды микроскопия зертханасында Профессор М.Ф. Авазбакиева кафедра аспиранттарымен тәжірбие үстінде  Факультет қызметкерлері 1 мерекесінде, 1952ж
Генетика кафедрасының ұжымы, 1965ж Үздік топ, 1941ж Студент биологтар Гвоздев Е.В., Сидоров Е, Зворыгин И.К. жас натуралисттермен пионерлер сарайында (1938ж)

Биология факультеті ғылыми мектептерінің негізін қалаушылар галереясы

Зоология және гистология кафедрасының ғылыми мектебі
Паразитология Жануарлар биоморфологиясы Ихтиология және гидробиология

Догель Валентин Александрович, б.ғ.д., профессор, ССРО ҒА академигі, ҚҒ еңбек сіңірген қайраткер,  Ленин сыйлығының лауреаты (1882-1955)

Б.А. Домбровский - биология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА академигі, Қаз КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер

Н.З. Хусаинова - биология ғылымдарының докторы, профессор

Энтомология Гидробионттар биологиясы және экологиясы Тыныс жүйлерінің салыстырмалы және эволюциялық морфологиясы

А.Н. Бартенев - биология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА академигі(1882-1945)

В.П. Митрофанов - биология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА академигі, Қаз КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер (1932-2001)

Т.М. Мәсенов - биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер  (1916-2002)

Генетика және молекулалық биология кафедрасының ғылыми мектебі
Бидай генетикасы және селекциясы Өсімдіктер генетикасы және дарвинизм Молекулалық генетика
 Н.Л. Удольская - биология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА корр-мүшесі(1903-1986) Г.З. Бияшев – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА академигі   (1906-1987)

 

Адам және жануарлар физиологиясы және биофизика кафедрасының ғылыми мектебі
Лимфа жүйелерінің физиологиясы Климатофизиология Лактация физиологиясы  
Полосухин  Александр Порфирьевич,м.ғ.д., профессор, ҚСРО ҒА академигі М.Ф. Авазбакиева - биология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер(1907-1987)  Х.Д. Дюсембин - биология ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі

 

Биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы кафедрасының ғылыми мектебі
Биохимия және өсімдіктер физиологиясы Биотехнология Биоинформатика, геномика, биотехнология
Т.Б. Дарқанбаев - биология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА академигі, Қаз КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер І.Р. Рахымбаев - биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер  Иващенко Анатолий Тимофеевич, б.ғ.д., профессор

 

 

Ботаника кафедрасы

Ризология

Микробиология кафедрасы

Микроорганизмдер генетикасы және селекциясы

Экология кафедрасы

Экологиялық генетика

И.О. Байтулин - биология ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА академигі М.Х. Шигаева - биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі А.Б. Биғалиев - биология ғылымдарының докторы, профессор

 

Биология факультеті 75 жылдың ішінде биология ғылымының әртүрлі салалары бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерінде, өндірістерде, тек қана Қазақстанның білім беру саласында ғана емес, ТМД елдерінде, сонымен қатар алыс шет елдердің (АҚШ, Франция, ГФР, Израил, Греция, Англия, Дания және т.б.) білім саласында қызмет атқаратын 10 мыңнан аса маман даярлады.

 

Биология факультетінің түлектері республикамыздың әртүрлі қызмет ету салаларында және шет елдердің Гарвард, Техас, Вирджиния университеттерінде (докторлар Архат Абжанов, Руслан Бияшев, Рүстем Омаров, Дос Сарбасов, Таттым Шайкенов), Густава Рози (Франция) институтында (доктор Мұрат Сапарбаев), Торонто (Канада) университетінде (доктор Нұрлан Кильдибеков), Ұлыбритания университетінде (докторлар Күлпаш Нұрқиянова, Майра Танкиманова, Шолпан Даулетова) және көптеген маман табысты еңбек етуде.