Жаңалықтар

Тұрақты даму мақсатына қол жеткізу аясында Вебинар өткізілді

09.09.2023

Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградация процесін тоқтату және кері қайтару және биоәртүрлілікті жоғалту процесін тоқтату.

Вебинар тақырыбы: Жаһандық климаттың өзгеруі мен жердің шөлейттенуі жағдайында биоалуантүрлілікті сақтаудың заманауи бағыттары

Вебинардың спикері: Н. В. Терлецкая, б.ғ.к., биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының қауымд. профессоры.

 

Видеожазбаға сілтеме: https://us04web.zoom.us/j/75353758600?pwd=ClYC20I7J73Ssa4BnyXhPMAOA2b0i7.1

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

27.06.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 5 оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасы аясында халықаралық «Болашақ» стипендиясын ұтып алды. Тізімі төменде:

1. Курманбаева Меруерт Сакеновна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі;

2. Сапарғалиева Назым Сапарғалиқызы - биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;

3. Жумагул Молдир Жакыпжановна - PhD, аға оқытушы, постдокторант;

4. Құсманғазинов Әділ Болатұлы - PhD докторант, оқытушы;

5. Карабалаева Дина Эзимхановна - PhD докторант, оқытушы.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Сіздерді жыл сайынғы дәстүрлі түлектер кездесуіне шақырамыз!

22.05.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті

Биоалуантүрлілік және биоресурстар 

кафедрасы

Құрметті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының түлектері!

Сіздерді жыл сайынғы дәстүрлі түлектер кездесуіне шақырамыз!

Кездесу: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология және биотехнология факультеті, 214 аудитория

Уақыты: 27 мамыр 12.30-да

Байланыс телефондары: +7 707 110 44 39; +7 701 561 77 05

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Ұлы Отан соғысына 78 жыл

04.05.2023

Қазақстанда 9 мамыр негізгі мемлекеттік мерекенің бірі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткен күн деп белгіленген. Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда таңсәріде Германия фашистері, 1939 жылы келісілген совет-герман шартын бұзып, КСРО-ға шабуылын бастаудан басталды. Майдан алаңына Қазақ ССР-нан 1,2 миллионнан аса әскер, 12 атқыштар, төрт кавалерия дивизиясы, жеті атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар алынды. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 499 қазақстандықтар, олардың ішінде 99 қазақ Совет Одағының Батыры, Халық Қаһарманы атағына ұсынылды. Сонымен қатар қазақтың екі аруы – Мәншүк Маметова мен Әлия Молдағұлова Совет Одағының Батыры атағын алды. 110 қазақстандық үш дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.

Батырларлың ерлігі мәңгі есімізде, басымызды иіп тағзым етеміз!

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Introduction to reduced representation genomic library approaches; the restriction-site associated DNA sequencing (RAD-SEG) and its application»

02.05.2023

2023 жылдың 11 сәуірі мен 2 мамыры аралығында Дебрецен университетінің ботаника кафедрасының өсімдіктер филогенезін зерттеу тобының жетекшісі, доктор Габор Шрамко әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында болды. Сапар Erasmus+ халықаралық бағдарламасы аясында Дебрецен университеті (Дебрецен қ., Венгрия) мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында өтті (Алматы қ., Қазақстан). Оқу барысында доктор Габор Шрамко дәрістер оқыды және бакалаврларға, магистранттарға және биологиялық профиль докторанттарына «Introduction to reduced representation genomic library approaches; the restriction-site associated DNA sequencing (RAD-SEG) and its application» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

1 мамыр – еліміздің бірлігі күні

01.05.2023

Қазақтың байтақ жерінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне бір шаңырақ астында өмір сүріп келуде. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты осы этностар мен түрлі ұлт өкілдерінің достығын ары қарай нығайтып, бұрынғыдан да жақындастыру баршамыздың басты мақсатымыз, біз біргеміз!!!


Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Алғыс хаттары

28.04.2023

2023 жылдың 28 мамырында биология және биотехнология факультетінің деканы Ғылыми кеңесте факультет пен кафедра өміріне белсенді қатысқан қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті.

Молекулярлық биология және генетика кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к. Жазира Қабылқызы Жүнісбаева университет ректорының атынан Алғыс хат алды.

Кафедра меңгерушісінің орынбасарлары PhD Анна Владимировна Ловинская мен PhD Айжан Ізбасарқызы Жүсіпова, кафедраның аға кураторы Ақерке Дүйсебекқызы Сербаева Факультет деканы Б.К. Заяданның атынан Алғыс хатпен марапатталды.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасының ұжымы

Ары қарай оқу >>

Молекулалық биология және генетика бойынша біліктілікті арттыру курстары

24.04.2023

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушылары «Молекулалық биология және генетика» кафедрасының базасында «Молекулярлық биология» және «Генетика» курстарынан біліктілігін арттырудан өтті.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық Жер-Ана күніне арналған жалпы қалалық сенбілік

22.04.2023

2023 жылдың 22 сәуірі Халықаралық Жер-Ана күні. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің «Молекулярлық биология және генетика» кафедрасының әкімшілігі, қызметкерлері, оқытушылар құрамы мен студенттері осы күнге арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Ары қарай оқу >>