«ГМО – артықшылықтары мен кемшіліктері» (рөлді ойын) тақырыбы бойынша пікірталас алаңы
15.02.20242024 жылдың 14 ақпанында биотехнология кафедрасының оқытушылары Мамытова Н.С. және Воронова Н.В. «6В05103 – Биотехнология» мамандығының ағылшын тілі тобының 2 курс студенттерімен «ГМА – артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында танымдық іс-шара (іскерлік ойын) өткізді. Іс-шара биология және биотехнология факультетінің ТДМ 2 – аштықты тоқтату жол картасының кестесіне сәйкес өткізілді. Іс-шараның мақсаты: генетикалық модификацияланған өнімдерді қолдануға байланысты қауіп-қатер критерийлері немесе оң әсерлері, олардың адам ағзасы үшін маңызы, халықтың тамақтануын ұтымды етудің қазіргі тенденциялары және қоршаған орта экологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Күтілетін нәтижелер – адам өмірі мен денсаулығына әсер ету нәтижелерін бағалау үшін генетикалық түрлендірілген азық-түлік өнімдерінің қорғаушылары мен қарсыластары ғалымдарының зерттеулерін талдау.