«Онлайн оқытудағы студенттердің уақытын тиімді пайдалану»

2021 жылдың 2 сәуір күні 2,3 курс колледж студенттеріне қазақ және орыс топтарының арасында «Онлайн оқытудағы студенттердің уақытын тиімді пайдалану», қашықтықтан ZOOM форматында психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында карантин уақытын үнемді пайдалану, дұрыс тамақтану, дене жаттығуларымен айналысу, жеке тұлғаны дамытумен айналысу, қол өнерді дамыту, түрлі жанырдағы әдебиеттерді оқуға және де фильмдерді қарауға маңызды кеңестер берілді.

Тренингті өткізудің мақсаты: Студенттердің жеке басының жан-жақты дамуын қалыптастыру, қиялын дамыту, импровизация, өзіне сенімділік, қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Кітап оқуға баулу, уақытты тиімді пайдалану т.б.






Басылым күні :  19.04.2021