«Қазақстан Тәуелсіздігне 30 жыл» тақырыбындағы кураторлық сабақ

31 наурыз ПК 301 тобы. Топ кураторы Сапирова М.М. кураторының бастамасымен Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Биыл Қазақстан 30 жыл бойы тәуелсіз ел ретінде өмір сүріп келе жатыр. Бұл уақыт ішінде Қазақстан үлкен биіктіктерге жеткенің көз жеткізуге болады. Сондай-ақ, көптеген оқушылар осы тақырып бойынша баяндамалар дайындап, еліміздің жетістіктері туралы айтып берді. 1995 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – Нұр-Сұлтан қаласының құрылысы. Қысқа мерзім ішінде еліміздің жетістіктерінің біріне айналған заманауи қала пайда болды. Еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсыруымен Қазақстанда спортқа көп көңіл бөлінеді. 28 жыл ішінде Қазақстандық спортшылар 60-тан астам олимпиадалық марапаттарға ие болды. Қазақстан егемендік алған сәттен бастап елімізде 300 мыңнан астам жұмыс орны және 1250 жаңа кәсіпорын құрылды. 100-ден астам мемлекеттер Қазақстандық өнімді тұтынушылар болып табылады. Ең бастысы Қазақстанда демократияның базалық қағидаттарына негізделген жаңа саяси жүйе құрылды, тиісті заңнама қалыптастырылды, Мемлекеттік басқарудың тиімді аппараты құрылды және жетілдірілуде. Қазақстан үшін аса маңыздысы шет мемлекеттермен оң және өзара тиімді қатынастар орнатылғанын атап өткен жөн. Бұл сабақта айтылған Қазақстан жетістіктерінің аз ғана бөлігі.

Қорытындылай келе, Қазақстан мәдениеттер мен діндердің алуан түрлілігі бар бірегей Мемлекет деген қорытынды жасауға болады. Бейбітшілік, достық пен келісімде өмір сүруге деген ұмтылыстың арқасында мемлекетіміз өркендеп келеді.

Басылым күні :  06.04.2021