«Қош келдің, әз – Наурыз!»

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің ПДК -103 тобының білім алушылары Наурыз мерекесіне арнап «Қош келдің, әз – Наурыз!» атты куратор сағатын онлайн түрде өткізді. Бұл куратор сағатын осы топтың кураторы А.Ш. Әсембаева мен колледжде педагогикалық тәжірибеден өтіп жатқан «Саясаттану және философия» факультетінің 4- курс студенттері өткізді. Куратор сағатында өз елімізде және басқа да елдерде жыл басы – Наурыз мейрамының тойлануы туралы слайдтар көрсетілумен бірге сұрақ – жауап арқылы ойындар да ойналды.






Басылым күні :  25.03.2021