Көшбасшылық дәріс

17.03.2021. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің колледжінде география пәні аясында «Әлем елдерінің қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайы» атты көшбасшылық дәріс өткізілді. Дәріскер география және табиғатты пайдалану факультетінің «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының доценті, география ғылымдарының кандидаты Мылқайдаров Әлім Төлекұлы жүргізді. Көшбасшылық лекцияға қатысқан топтар «Құқықтану», «Аударма ісі» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 1 курс студенттері.

Дәрісте қазіргі заманда пандемия жағдайындағы елдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайы талданды. Европа, Азия елдерінің геосаяси ұстанымдары мен бағдарлары білім алушыларға қызықты мәліметтерді, фактілерді салыстыра отырып түсіндірілді. Дәріс соңынан көптеген студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді.

Жалпы, білім алушылар география, соның ішінде геосаясат өңірдің барлық жағдайына қажетті екенін бойларына сіңірді.







Басылым күні :  18.03.2021