«Шәкәрім өсиеті-адалдық айнасы» атты адалдық сағаты

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің ПДК - 103 тобында "Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы " тақырыбы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн "Адалдық сағаты" өткізілді. Осы куратор сағатында топ мүшелері ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын - Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы туралы қысқаша айтып өтті, сонымен бірге Ұлы Абай негізін салған жаңа сипаттағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі туралы топ мүшесі - Ақылхан Айялай таныстыра келе, ақынның жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірі туралы толық айтып өтті. Онлайн куратор сағаты кезінде жастар ақынның адами құндылықтар туралы, білімдіден ғибрат алуға, ақылмен ойлап, іс қылуға, "құлқынның құлы болмай", "адамдық борыш - ар үшін қызмет ету" жөніндегі өсиеттерімен тереңірек танысты.



Басылым күні :  01.03.2021