«Саналы ұрпақ» студенттік еріктілер клубына 1 курс білім алушыларды қабылдау

12.11.2020 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы колледж 1 курс білім алушылар және оқытушылармен қашықтықтан кездесу ұйымдастырылды. Колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Егеубаев Адлет колледж әкімшілігімен, клуб жетекшілерімен таныстырып, клуб жетекшілері қатыстырылды.

Колледждегі «Саналы ұрпақ» еріктілер клуб жетекшілері заң пәндерінің оқытушылары Тоғайбаев Русланбек Мадиярұлы және Оралов Ерсайын Шынғысұлы клуб жұмысы туралы баяндама жасап, клуб қатарына 1 курс білім алушыларын қабылдады. 1 курс білім алушылары «Саналы ұрпақ» еріктілер клуб қатарына қабылдана отырып, «Құқықтану» (қазақ бөлімі) 101 топ белсендісі Нұрбекұлы Әлішер, «Құқықтану» (орыс бөлімі) 102 топ белсендісі Холловей Диана, «Аударма ісі» (қазақ бөлімі) 103 топ белсендісі Алдашева Аида, «Аударма ісі» (орыс бөлімі) 104 топ белсендісі Бейсембаева Алем, Есептеу техникасы топ белсендісі Жанғалиұлы Жандос топ атынан ант қабылдап, өз еріктерімен клуб мүшесі қатарына қосылуға шақырды.

Сөз кезегінде «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы жастарды клуб мүшелігімен құттықтап, анттарын бұлжытпай орындауларына және берік болуына үндеді. Алдағы уақытта сыбайлас жемқолыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда атқарылатын жұмыстарға өз ұсыныстарын жеткізді.






Басылым күні :  13.11.2020