Қалалық студенттік емхана жанындағы «Ақ жол» жастар денсаулық сақтау орталығының жетекшісі Кусайнова Дина Тұрғынбайқызымен кездесу

10-11 қыркүйек 2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет колледжінде 1,2,3 курс білім алушылар, кураторлар және Алматы қаласында орналасқан студенттік емхананың жанындағы «Ақ жол» жастар денсаулық сақтау орталығының жетекшісі Кусайнова Дина Тұрғынбайқызы кездесу өтті. Кездесу барысында орталық жетекшісі тұмау және COVID-19 профилактикасы туралы «сондай-ақ, тұмау және COVID-19 вируспен ауыратын адамдармен қарым-қатынаста болмау, науқас адамдармен қарым-қатынаста болған кезде бетперде кию, қолды сабынмен немесе антибактериальдық заттармен (құрамында спирт ерітіндісі бар) жуу, жөтелгенде және түшкіргенде бір рет пайдаланылатын орамал немесе сулықтарды пайдаланып, мұрын және ауызды жабу, көзді, мұрын және ауызды лас қолмен ұстамау, адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу (ойын-сауық және спорт іс-шаралары, жиналыстар, кездесулер  және т.б.), үй-жайды тұрақты желдету, салауатты өмір салтын ұстану (жақсы  ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай құнарлы тамақ) қажет». Науқас адам үйде болған жағдайда оны оқшаулап, науқас және сау адамдар да бетпердені пайдалануы қажет. Қоғамдық көлікте, дәрігерге кезекте тұрғанда инфекцияның таралуын болдырмау үшін дәрігерді үйге шақыртқан жөн», сонымен қатар темекінің зиян жақтары да мағлұмат берілді. Сондай-ақ темекі шегудің алдын-алу жұмыстары да жүргізілді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша «Темекі жыл сайын 7 миллионға жуық адамның өлімін тудырады, оның 6 миллионнан астамы темекі тұтынушылар мен бұрынғы пайдаланушылар арасында, ал 890 000-нан астам адам темекі шекпейтіндер арасында темекі шегеді. Шұғыл шаралар қабылданбаса, 2030 жылға қарай жыл сайынғы өлім саны 8 миллионнан асуы мүмкін».






Басылым күні :  14.09.2020