Колледж білім алушылары Ұлы Отан соғысы ардагерімен кездесуі

21.01.2020 ж. Ұлы Отан соғысы аяқталуының 75-жылдығына орай колледж білім алушылары ПК-201 тобы мен топ кураторы М.М.Сапирова Ұлы Отан соғысының ардагері Мажағұлов Бисет Өтепұлымен кездесті. Мажағұлов Бисет Өтепұлы-отставкадағы полковник ардагері. Қазіргі таңда Алматы қаласында жұбайымен, балаларымен тұрады. Білім алушылар өздерінің сый-сияпатын жасады, ардагердің жағдайын біліп, соғыста басынан өткізген оқиғаларымен танысты. Бисет атаның оқиғаларыбілім алушыларға үлкен әсер қалдырды. Ол кісі 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, 12 медальмен марапатталған екен. Оның ішінде "жауынгерлік еңбегі үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдары да бар. Бұл кездесуден кейін білім алушылар үлкен тәрбие алды. Осы кездесу білім алушыларға патриоттық сезімге тәрбиелеп, оларды өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.





Басылым күні :  27.01.2020