Колледж білім алушыларының Ә.Қастеев атындағы мұражайына сапары

 18 қаңтар 2020 жылы колледжде География және табиғатты пайдалану факультетінің «Экология» мамандығының оқу-тәжірбиесін өтіп жүрген 4 курс студенттері жоспарға сай колледжден тыс іс-шара ұйымдастырып, колледж білім алушыларымен Ә. Қастеев атындағы «Өнер мұражайына» барды. Мұражайға топ кураторлары Р. Тоғайбаев, Д. Ерғали, А.Асембаева барды. «Өнер мұражайы» білім алушыларды таңғалдырып, оларды үлкен әсерде қалдырды. Себебі, Ә. Қастеев атындағы «өнер мұражайы» бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекциясы болып табылады. Мұнда Батыс, Ресей, Кеңес үкіметінің  өнерінің және шығыс халықтары қолданбалы өнерінің тыңғылықты жинағы орын алған. Жинақтаманың басым бөлігі ­– Қазақстан кескіндемесі, графикасы және мүсіні болып келеді. Әсіресе, білім алушыларға Ә. Қастеевтің жұмыстары, Шоқан Уәлихановтың, Амангелді Иманов пен Қаныш Сәтбаевтың портреттері ұнады. Осы сурет галереясының арқасында, білім алушылар ата-бабамыздан қалған мұраға тарихи және рухани байлығына көз жеткізді.



Басылым күні :  27.01.2020