Тұмаудың алдын-алу
06.11.2019 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің мәжіліс залында "Тұмау, ЖРВИ, ЖРЗ туралы дәріс оқылды.
" Салауатты өмір салтына- Иә " деп айтыңыз
1.Негізгі фактілер:
Тұмау - бұл адамнан адамға оңай жұғатын вирустық инфекция.
2. Белгілері :
Бас ауыруы, тұмаурату, тыныс алудың қиындауы, тамақтың ашуы, жөтелу, құсу, температураның жоғарылауы, қалтырау, көңіл-күйінің нашарлауы, әлсіздік, диарея, бұлшықет аурулары, буындар мен сүйектердің ауыруы.
3.Алдын алу:
Сұйықтықты көп мөлшерін ішу. Қолды үнемі сабынмен жуу немесе дезинфекциялау құралдарымен сүрту. Салауатты өмір салтын ұстану, оның ішінде шынығу. Таза ауада жиі болу, ылғалды тазалау және үй-жайды желдету. Салқындамаңыз, ауа райы жағдайына сәйкес киіну керек. Жаңа піскен жемістер, көкөністер мен жидектерді тұтыну. Бір реттік медициналық маскаларды қолдану. Аулақ байланыс түшкіріп және жөтеліп жүрген адамдар мен қарым-қатнастан аулақ болу. Түшкіргенде және жөтел кезінде бір рет қолданылатын майлықтарды қолдану.
Дәріс оқыған студенттер емханасының дәрігер-терапевті Қықабай Дания Нұрболқызы
180- астам оқушылар мен білім алушылар, дәріс барысында медиа фильм көрсетілді, брошюралар таратылды.