Ұстаздар мерекесіне байланысты өткізілген өзін - өзі басқару күні

Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде 2019 жылдың 4 қазан күні Ұстаздар мерекесіне байланысты «Өзін-өзі басқару» күні өткізілді. Өзін - өзі басқару күні студенттердің   өз көшбасшылық қасиеттерін ашуға және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік берілді. Оқытушылар белгілі бір кезеңде студенттердің өзін-өзі басқаруын дамытуды ойластырып, мәселелерді анықтауға және олардың шешу жолдарын анықтауға көмектесті.

Студенттермен ауыстырылатын колледж әкімшілігі, ұстаздар: дублерларына функционалдық міндеттерін түсіндіріп, негізгі міндеттер тізімін алдын ала талқылады. Барлық студенттер өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға тырысты. Әкімшілік өз жұмысымен айналысты. Жұмыс күнінің соңында нәтижелер қорытындыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Колледждің жоғарғы 3 курс студенттері 1-2 курс студенттеріне оқытушылардың орнына дәрістер жүргізсе, оқытушылар өз кезегінде студенттік шақтарын еске алып, студенттік сезімге бөленіп, арнайы өздеріне ұйымдастырылған сабақтарға қатысты.





Басылым күні :  01.11.2019