Ашық кураторлық тәрбие сағаты

Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 1-2 курс студенттері арасында «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты Абай өлеңдерін, қара сөздерін жатқа айту мақсатында   ашық тәрбие сағаты эстафета түрінде өткізілді.

Тәрбие сағатында студенттер Абай Құнанбайұлының   қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға екендігіне, қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек еткендігіне, ақынның жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырғанына тағы да бір көз жеткізгендей болды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізілген  «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.




Басылым күні :  01.11.2019