13.09.2019 ж. ҚазҰУ колледжінің бірінші курс білім алушыларға КазҰУ кампусы таныстырылды, сонымен қатар университеттің тарихымен, дәстүрлерімен танысты.

Бірінші курс студенттері үшін кампус бойынша экскурсия ұйымдастырылды, олар ҚазҰУ және Әл-Фараби тарихы мұражайларынан көп қызықты мәліметтер алды. Экскурсия барысында балаларға ректорат ғимараты, студенттер сарайы көрсетілді. У. А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы - Қазақстанның ең әдемі концерт залдарының бірі. Сарай сахнасында салтанатты, мерекелік және мәдени іс-шаралар, концерттер, КТК, "Студенттік көктем"байқауы өткізіледі.

Студенттік кампустарда WI-FI Интернетке сымсыз қатынау желісі жұмыс істейді. Университет қалашығының аумағында толыққанды білім беру мен бос уақыт өткізуге арналған тұтас кешен жұмыс істейді: тренажер залы, спорт алаңдары мен секциялары бар тамаша спорт кешені, студенттерге арналған барлық білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, сауда-ойын-сауық қызметтері бар "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығы, жеке кинотеатр, оқу залдарының желісі.

Экскурсия соңында балалар қазіргі таңда университеттің ғылыми форумдары, конференциялар, тренингтер, халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар өтетін негізгі мәдени-ақпараттық орталық болып табылатын кітапханаға барды. 2012 жылдан бастап кітапхана тарихы ерекше маңызды оқиғамен атап өтіледі - Орта Азия бойынша теңдесі жоқ, жаңа технологиялармен және коммуникациялық шешімдермен жабдықталған, шығыс стилінің элементтерімен үйлесімді байланысқан жаңа ғимаратқа көшді.

Кураторлар, ҚазҰУ колледжінің студенттік мәслихаты әл-Фараби кітапхананың әкімшілік корпусына қызықты және танымдық дәрістері үшін үлкен алғыс білдіреді.





Басылым күні :  01.11.2019