Колледжде «Туберкулез және оның алдын алу жөнінде» атты медициналық тақырыпқа дәріс өтті

14.03.2019ж. колледжде «Туберкулез және оның алдын алу жөнінде» атты медициналық тақырыпқа дәріс өткізілді. Дәрісті студенттер поликлиникасының қызметкерлері өткізіп, білім алушыларды аталған аурудың түрімен таныстырып қана қоймай, оның алдын алу жолдарымен хабардар етті. Дәрістің міндеттері:

     – Жасөспірімдердің аталған мәселе бойынша хабардар болу деңгейін анықтау;

–       Туберкулездің алдын алу, оны анықтау, емдеу сұрақтары бойынша нақты ақпарат беру;

Жұқтыру жолдарының алдын алу.

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда; сирек жағдайда туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады. Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен) тексерудің маңызы зор.

Басылым күні :  11.04.2019