Алматы –адалдық алаңы

15.03.2019ж. «Алматы –адалдық алаңы» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асыруда жастардың рөлі» атты тақырыпт 1-3 курс білім алушыларына кураторлық сағаттар өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұл білім алушылардың бойында адалдық, адамгершілік қабілеттерін қалыптастырудан басталады. Өткізілген тәрбие сағаттарының мақсаты – сыбайлас жемқорлық салдарымен емес, оның көріністеріне жол беретін алғышарттарды жоюға, сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі төмендетуге бағытталып, алдын алудың кешенді шараларымен толыққан мемлекетіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасымен таныстыру.

Басылым күні :  11.04.2019