"Қала экологиясы: әр адамның немесе ұйымдардың міндеті ме?" атты дөңгелек үстел өтті

30.01.2019 күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 85 жылдығына орай "Қала экологиясы: әр адамның немесе ұйымдардың міндеті ме?" атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел ҚазҰУ колледжінің 1-курс студенттері: ПДК-104 және ПК-101 топтарының арасында өткізілді. Іс-шара Қазақ ұлттық университетінің География және Табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының экология мамандығы бойынша іс-тәжірибеден өтіп жатқан 4-курс студенттерінің ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға директордың оқу-тәжірибелік ісі жөніндегі орынбасары М.А. Ахметова және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Н. Хамитова қатысып, белсене қатысқан студенттерді мақтау қағазымен марапаттады.

Басылым күні :  31.01.2019