Ата-аналар жиналысы өтті

17.01-18.02.2019 жылы колледжде кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста білім алушылардың қысқы сессияның қорытындысы мен алда өтетін оқу және өндірістік тәжірибе туралы айтылды. Оқу үлгерімі нашар немесе сабақты көп жіберген білім алушылардың ата-аналырымен жеке жұмыс жасалды. Психолог ата-аналарға арналған сауалнама жүргізді. Колледж әкімшілігі және кураторлар ата-аналар қойған сұрақтарға жауап берді, ата-аналар тарапынан жасалған тілек-ұсыныстар да назарға алынды.

Басылым күні :  30.01.2019