«Денсаулық» атты 47-ші дәстүрлі спартакиада өтті

04.01. – 11.01. аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да педагогтар мен өзге де қызметкерлер, докторанттар арасында «Денсаулық» атты 47-ші дәстүрлі спартакиада өтті. Спартакиаданың бағдарламасында бадминтон, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, мини футбол сияқты спорттың түрлері қамтылған. Аталған спорт түрлері бойынша факультеттің команда құрамына колледж оқытушылары – Ш.Саламатов, Р.Тоғайбаев, А.Даулетова, А.Темірбаева қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Салауатты өмір салтын насихаттайтын аталған іс-шараға белсене қатысқан колледж оқытушыларына алғыс айтамыз.

Басылым күні :  16.01.2019