Құттықтаймыз!

03.12.2018 ж.  тұңғыш Президент күніне арналған Республикалық «Жас дарын» дарынды   жастарға арналған « Елін сүйген, елі сүйген елбасы» атты байқау өткізілді. Осы байқауға колледжіміздің құқықтану мамандығының 1- курс студенттері «Шығарма» жазудан үздік өнер көрсеткені үшін: Бахыт Әлихан Батырханұлы, «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру», Бегалиев Мухамеджан Жандосұлы, «Тәуелсіздік тірегім», Жанаев Рамазан Нұрбекұлы, «Рухани жанғыру өскелең ұрпақтың-дара жолы», Қуатбеков Қанат Ғабитұлы «Нашақорлық-ғасыр дерті, жас ұрпаққа әсері» Мырзан Зарина Султанбекқызы «Қазіргі таңдағы терроризмнің дүние жүзіне қауіптілігі» тақырыптарында 1 орын иеленіп, дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ осы байқауға жетекшілік жүргізген құқықтық пәндер оқытушысы Сапирова Мира Мейрханқызы білім саласындағы жеткен жетістіктері, шәкірт тәрбиелеудегі елеулі еңбегі мен өз мамандығы алдындағы адал еңбегі үшін «Жаңашыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.



Басылым күні :  04.12.2018