«Адам және әлем» атты әдеби шығармашылық байқауы

23 қараша 2018 жылы Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 96 жыл толуына байланысты «Адам және әлем» атты әдеби шығармашылық байқауы қорытындыланды. Қорытынды кеш Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханасында өткізілді. Бұл байқауға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің білім алушылары да қатысып, ПДК-104 тобының білім алушысы Ахмет Динара, ФК-103 тобының білім алушылары Бекмұрат Ақжол мен Мұңайтпасова Мадина "Үздік эссе" номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.

Басылым күні :  03.12.2018